|
|
|
«Ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға арналған шығыстардың есебін жасау, ұсыну және қарау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 16 наурыздағы № 274 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 4 қазандағы № 369/НҚ бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға арналған шығыстар есебін жасау, ұсыну және қарау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 16 наурыздағы № 274 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13631 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу шығыстарының есебін жасау, ұсыну және қарастыру жөніндегі нұсқаулықта: 3-тармақ мынадай редакцияда мазмұндалсын: «3. Ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу шығыстарын жасау кезінде әкімші: 1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысымен бекітілген Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді; 2) шығыстар есебінің Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 27 маусымдағы № 140/НҚ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік органдардың ақпараттандыру объектілерін құруға, дамытуға және қолдап отыруға арналған шығындарды есептеу әдістемесі мен нормативтеріне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18927 болып тіркелген) сәйкестігін қамтамасыз етеді; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 0 тг
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |