Алматы қаласы әкімдігінің 2016.15.08. № 3/388 Қаулысымен мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентімен толықтырылды Алматы қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 18 қарашадағы № 4/637 қаулысымен бекітілген
Алматы қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № 4/581 Қаулысымен күші жойылды
«Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі әлеуетті қызметтер берушінің қойылатын талаптарға сәйкестігін (сәйкес келмейтінін) анықтау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі әлеуетті қызметтер берушінің қойылатын талаптарға сәйкестігін (сәйкес келмейтінін) анықтау» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 294 бұйрығымен бекiтiлген, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 11356 болып тіркелген «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі әлеуетті қызметтер берушінің қойылатын талаптарға сәйкестігін (сәйкес келмейтінін) анықтау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрi - Стандарт) сәйкес Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру: 1) көрсетілетін қызметті беруші; 2) «Азаматтарға арналған үкімет» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады. 2. Мемлекеттік қызметті ұсыну нысаны: қағаз түрінде. 3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: 1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1 қосымшасына сәйкес нысандағы Қазақстан Республикасының азаматтары мен ораламандарды медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі - МСАК) көрсететін денсаулық сақтау субъектілеріне еркін тіркеу науқанына қатысу үшін әлеуетті қызметтер берушіге қойылатын талаптарға сәйкестігі (сәйкес келмейтіні) туралы хаттамадан үзінді көшірме; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|