«Арнайы есепке алудың жекелеген түрлерінің жағдайы туралы Мәліметтерді және оларды қалыптастыру бойынша Нұсқаулықты» бекіту туралы
Қалыптасатын ақпаратты өзектендіру және оңтайландыру, сондай-ақ арнайы есепке алудың жекелеген түрлерін жүргізу бағыты бойынша қызметті жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 28 наурыздағы № 1050 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті туралы Ереженің 20-тармағы 8) тармақшасын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН: 1. Бекітілсін: 1) осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес «Арнайы есепке алудың жекелеген түрлерінің жағдайы туралы мәліметтер»; 2) осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес «Арнайы есепке алудың жекелеген түрлерінің жағдайы туралы мәліметтерді» қалыптастыру бойынша Нұсқаулық. 2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің (бұдан әрі - Комитет) Астана, Алматы қалалары, облыстары және оларға теңестірілген басқармаларының басшылары тоқсан сайын, есепті мерзімнен кейінгі айдың 3-күніне бекітілген Мәліметтерді («swm» бағдарламалық қамсыздандыруы арқылы) қалыптастыруды және Комитетке жіберуді қамтамасыз етсін. 3. «Арнайы есепке алудың жекелеген түрлерінің жағдайы, сондай-ақ олардың толықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз ету бойынша бақылау қызметін жүзеге асыру туралы» Мәліметтерді және оларды қалыптастыру Әдістемесін» бекіту туралы» Комитет Төрағасының 2011 жылғы 16 наурыздағы № 25 н/қ бұйрығының күші жойылды деп танылсын. 4. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының қызметкерлері осы бұйрықпен таныстырылсын. 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитеттің аумақтық басқармаларының және Комитеттің орталық аппаратының арнайы есепке алу басқармасының басшыларына жүктелсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|