Осы редакция 2016 жылғы 21 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 301 бұйрығына 6-қосымша
«ІІ, ІІІ және IV санат объектілері үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «ІІ, ІІІ және IV санат объектілері үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Энергетики министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірлеген. 3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру: 1) көрсетілетін қызмет берушінің кеңсесі; 2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - ХҚКО); 3) www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері: 1) көрсетілетін қызметті берушіге, ХҚКО-ға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде: ІІ санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру өтінішті тіркеген күннен бастап - 1 (бір) айдан аспайды; ІІІ санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру өтінішті тіркеген күннен бастап - 10 (он) жұмыс күннен аспайды; ІV санаттағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру өтінішті тіркеген күннен бастап - 10 (он) жұмыс күннен аспайды; рұқсатты қайта ресімдеу - 1 (бір) ай ішінде; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|