|
|
|
26.05.2024 Сот жүйесінде мемлекеттік тілдің мәртебесі
Мемлекеттік тіл болып табылатын қазақ тілі - мемлекеттің барлық аумағында қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс жүргізу тілі. Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру - Қазақстан Республикасының әр азаматының парызы. Әлемдегі алты мыңға жуық тілдердің ішінде мемлекеттік тіліміз қолдану өрісі жағынан жетпісінші, ал тіл байлығы мен көркемдігі, оралымдығы жағынан алғашқы ондықтар қатарында тұрғаны баршамызға аян. Десек те қазіргі қазақ тіліміздің ахуалы қандай дәрежеде? Бүгінде Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласына айтылған өзекті мәселерді жүзеге асыру басты жолға қойылған. Ана тіліміздің қоғамдағы атқаратын қызметі соңғы кезде тұңғиықтан жарыққа, күн көзіне асыққан бұлақ суындай кеңейіп, барлық салада қолданылуда. Сот жүйесінде де тіл саясатының үрдісі қарқынды даму үстінде. Қазақ тілінің қажеттілігін арттыру мақсатында елеулі қадамдар жасалуда. Тілді үйренуге ниет білдірген азаматтарға қажетті оқу-әдістемелік құралдарымен қамтамасыз етілген қазақ тілін тегін оқыту курстары ашылып, барша жағдайлар жасалған. Мемлекет қайраткері, көрнекті ақын, Сәкен Сейфуллин: «Кеңсе тілі қазақша болмай, іс оңбайды» дегендей бүгінде құжаттардың мемлекеттік тілде жүргізілуі түбегейлі қалыптасқан. Оның сапасы да, мазмұны да басты назарда. Баспа беттеріне азаматтардың заң бойынша сот өндірісін жүргізу тілін таңдау өз еріктерінде екендігі жөнінде ұдайы жариялауда. Яғни, талап қоюшы, арызын өз ойын еркін жеткізе алатын ана тілінде беруге құқылы. Сондықтан «қаным қазақ» деп жүрегі соғатын әрбір азамат талап арызын ана тіліне жазса, нұр үстіне нұр болар еді. Поляк журналисі А.Янушкевич қазақ тілінің таңғажайып кереметіне таңданып: «Қазақтардың ақыл-ой қабілетінің зорлығына барған сайын менің көзім жетуде. Қандай әсем сөйлейді. Кез келгені айтайын дегенін тез түсіндіре, қарсыласының сөзіне шебер тойтарыс бере біледі. Тіпті, балаларының ақыл-есі де өте тез жетіледі.» деген екен. Ана тілінің асыл қасиеттерін бойға сіңіру бөбектің жөргегінен басталады. Әжелерінің аузынан халқының шұрайлы әдебиетінен сусындап, тәрбие алып өскен балада ана тіліне деген махаббат өмір бойы сөнбейді. Өзге жұртты тамсандырған тілімізді мақтан тұтып, жастарымыздың патриоттық рухын көтеріп, әлем таныған ел болу үшін ең алдымен тіліміздің жұлдызын биіктетуіміз керек. Қарағанды облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының бас маман - сот отырысының хатшысы Ж.Г. Сулешова
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |