Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 25 мамырдағы № 332 қаулысымен мақұлданған Жоба
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Министрлер Кабинеті арасындағы шекара маңы аумақтарында табиғи өрттердің профилактикасы және оларды сөндіру жөніндегі келісім
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Министрлер Кабинеті шекара маңы аумақтарында табиғи өрттердің профилактикасы және оларды сөндіру жөніндегі жұмысты жақсарту және олардан келетін залалды қысқарту мақсатында, табиғи өрттерге қарсы күрес бойынша өзара көмек көрсету және тәжірибе алмасу мақсатында, орман және дала өрттерінің профилактикасы және оларды сөндіру бойынша екіжақты өзара іс-қимылдың тиімді нысандарын дамытуға ұмтылыс білдіре отырып, төмендегілер туралы келісті: 1-бап Тараптар орман және дала учаскелерін өрттерден өзара қорғау аймағын белгілейді, оған Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы мемлекеттік шекара сызығынан (бұдан әрі – шекара маңы аумағы) әр Тарап мемлекетінің аумағында ені 5 километр белдеу енеді. 2-бап 1. Осы Келісімді іске асыруға жауаптылар: Қазақстан Тарапынан – Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті, жергілікті атқарушы органдар; Қырғыз Тарапынан – Қырғыз Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жанындағы Орман қызметі, жергілікті атқарушы органдар болып табылады. 2. Атаулары өзгерген және/немесе олардың функциялары басқа органдарға берілген жағдайда Тараптар бұл туралы бірін-бірі дипломатиялық арналар арқылы хабардар етеді. 3-бап Тараптар: 1) табиғи өрттердің профилактикасына бақылауды қамтамасыз етеді, шекара маңы аумағында табиғи өрттерді болғызбау және жою жөніндегі іс-шараларды келіседі және іске асырады; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|