«Қостанай аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес Қостанай аудандық мәслихаты ШЕШТІ: 1. Қоса беріліп отырған «Қостанай аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережесі бекітілсін. 2. «Қостанай аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте: 1) Ереженің заңнамада белгіленген тәртіпте әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін; 2) осы шешімге қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін; 3) осы шешімді оның ресми жарияланғаннан кейін Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қостанай аудандық мәслихатының аппарат басшысына жүктелсін. 4. Мәслихаттың кейбір шешімдері осы шешімнің қосымшасына сәйкес жойылсын. 5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қостанай облысы Қостанай ауданы мәслихатының 2023 жылғы 6 қаңтардағы № 268 шешімімен Бекітілген
«Қостанай аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|