«Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет кепілгерлігімен берілетін қарыздарды, мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін тіркеу және есепке алу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 739 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 14 наурыздағы № 107 Қаулысы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 19 маусымдағы № 702 Жарлығын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет кепілгерлігімен берілетін қарыздарды, мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін тіркеу және есепке алу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 739 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 44, 398-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет кепілгерлігімен берілетін қарыздарды, мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін тіркеу және есепке алу ережесінде: 5-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «1) мына: Қазақстан Республикасының Үкіметі; Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі (бұдан әрі - Ұлттық Банк); Қазақстан Республикасы облыстарының, республикалық маңызы бар қалаларының, астанасының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - жергілікті атқарушы органдар) тартатын Қазақстан Республикасының мемлекеттік қарыздары (бұдан әрі - мемлекеттік қарыздар);»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|