Созылмалы инфекциялық емес ауруларды басқарудың кейбір мәселелері туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 2009 жылғы 18 қыркүйектегі 7-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметін жетілдіру және созылмалы инфекциялық емес ауруларды төмендету мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Облыстардың, Астана және Алматы қалалары денсаулық сақтау басқармаларының басшылары (келісім бойынша): 1) осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес кесте бойынша медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін ұйымдарда созылмалы инфекциялық емес ауруларды (артериялық гипертензия, қант диабеті және жүрек функциясының созылмалы жетіспеушілігі) басқару жөніндегі пилоттық жобаны (бұдан әрі - Жоба) іске асырсын; 2) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-күніне дейін Жобаны енгізу бойынша ақпаратты ұсынсын. 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны: 1) Жобаны енгізу бойынша жұмысты әдістемелік, консультациялық және ақпараттық сүйемелдеуді қамтамасыз етсін; 2) Жобаны енгізу мониторингін жүзеге асырсын; 3) тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күніне дейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментіне Жобаны енгізу бойынша есепті ұсынсын; 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Бағдарламаны енгізу бойынша жұмысты үйлестіруді қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Л.М. Ақтаеваға жүктелсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|