«Электр энергиясына шекті тарифті, теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифті және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тарифті бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 147 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 2 наурыздағы № 72 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Электр энергиясына шекті тарифті, теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифті және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тарифті бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 147 (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде №10627 болып тiркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 12 мамырда жарияланған) бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электр энергиясына шекті тарифті, теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифті және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тарифті бекіту қағидаларында: 5-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) энергия өндіруші ұйымдар «белгіленген қуаты» өлшемшарты бойынша мыналарға бөлінеді: қуаты 30 МВт-қа дейінгі энергия өндіруші ұйымдар; қуаты 30 МВт-тан 50 МВт-қа дейінгі энергия өндіруші ұйымдар;». қуаты 50 МВт-тан 75 МВт-қа дейінгі энергия өндіруші ұйымдар; қуаты 75 МВт-тан 100 МВт-қа дейінгі энергия өндіруші ұйымдар; қуаты 100 МВт-тан 150 МВт-қа дейінгі энергия өндіруші ұйымдар; қуаты 150 МВт-тан 300 МВт-қа дейінгі энергия өндіруші ұйымдар; қуаты 300 МВт-тан 550 МВт-қа дейінгі энергия өндіруші ұйымдар; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|