Субсидияланатын гербицидтердің түрлері және гербицид жеткізушілерден сатып алынған гербицидтердің 1 литріне (килограмына) арналған субсидиялар нормаларын белгілеу туралы
Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 16 қарашадағы № 271 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына және «Өсімдіктерді қорғау мақсатында ауылшаруашылық дақылдарын өңдеуге арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 573 қаулысына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Субсидияланатын гербицидтердің түрлері және гербицид жеткізушілерден сатып алынған гербицидтердің 1 литріне (килограмына) арналған субсидиялар нормалары осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін. 2. «Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін; 2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне жіберуді; 3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. «Субсидияланатын гербицидтердің түрлері және гербицид жеткізушілерден сатып алынған гербицидтердің 1 литріне (килограмына) арналған субсидиялар нормаларын белгілеу туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2014 жылғы 22 қыркүйектегі № 254 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2346 болып тіркелген, 2014 жылғы 14 қазанында «Ақ жол» №142 (17999) газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Х.Әбдірайымовқа жүктелсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|