Атырау облысы Атырау қаласының Бас жоспары (негізгі ережелерді қоса алғанда) туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 қарашадағы № 749 Қаулысы
«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабына сәйкес және Атырау облысының Атырау қаласын кешенді дамытуды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қоса беріліп отырған Атырау облыстық және Атырау қалалық мәслихаттары мақұлдаған Атырау облысы Атырау қаласының Басжоспарының жобасы (негізгі ережелерді қоса алғанда) бекітілсін. 2. «Атырау қаласының бас жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 6 тамыздағы № 880 қаулысының күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2016 жылғы 29 қарашадағы № 749 қаулысымен бекітілген
Жоба
Атырау облысы Атырау қаласының бас жоспары (негізгі ережелерді қоса алғанда)
1. Жалпы ережелер
Атырау облысы Атырау қаласының бас жоспары (бұдан әрі - Бас жоспар) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңдарының, Жер кодексі, Экологиялық кодекс пен қала құрылысын жоспарлау саласына қатысты Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілері мен нормативтік құжаттарының талаптарына сәйкес әзірленді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|