Уәкілетті ұйым «Елорда құрылыс компаниясы» ЖШС-нің Нұр-Сұлтан қаласындағы проблемалық тұрғын үй объектілерінің құрылысын аяқтауды қаржыландыру тетігі бойынша іс-шараларды жүзеге асыру тәртібін бекіту туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 10 ақпандағы № 505-326 Қаулысы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңына, «Тұрғын үй-коммуналдық дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1054 қаулысына сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласындағы проблемалық тұрғын үй объектілерінің құрылысын аяқтауды қаржыландыру тетігін іске асыру мақсатында Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Осы қаулының № 1 қосымшасына сәйкес уәкілетті ұйым «Елорда құрылыс компаниясы» ЖШС-нің Нұр-Сұлтан қаласындағы проблемалық тұрғын үй құрылысы объектілерін аяқтау тетігі жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру тәртібі бекітілсін. 2. Осы қаулының № 2 қосымшасына сәйкес Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы проблемалық деп таныған объектілердің тізбесі бекітілсін. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау «Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Д. Доскуловқа жүктелсін.
2022 жылғы 10 ақпандағы № 505-326 қаулысына № 1 қосымша
Уәкілетті ұйым «Елорда құрылыс компаниясы» ЖШС-нің Нұр-Сұлтан қаласындағы проблемалық тұрғын үй объектілерінің құрылысын аяқтауды қаржыландыру тетігі бойынша іс-шараларды жүзеге асыру тәртібін бекіту туралы
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|