«Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы (2013.05.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2015 жылғы 8 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік кәсіпорындар туралы» 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2335 заң күші бар Жарлығына сәйкес, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің бірыңғай мемлекеттік есебін қамтамасыз ету, мемлекеттік органдардың, өзге де заңды және жеке тұлғалардың құқықтық ақпаратқа деген сұраныстарын компьютерлік технологияларды пайдалана отырып, неғұрлым толық қанағаттандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жанындағы Республикалық құқықтық ақпарат орталығы мемлекеттік мекемесі» Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) болып қайта құрылу жолымен қайта ұйымдастырылсын: ҚР Үкіметінің 2006.14.02. № 99 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 2. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Кәсіпорынды мемлекеттік басқаруға уәкілеттік берілген орган болып белгіленсін. ҚР Үкіметінің 2006.14.02. № 99 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); ҚР Үкіметінің 2011.06.10. № 1141 Қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 3. Кәсіпорын қызметінің негізгі саласы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық кесімдерінің мемлекеттік тізілімін жүргізу болып белгіленсін. 4. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бір ай мерзімде Кәсіпорынның жарғылық капиталын қалыптастырсын, оның жарғысын бекітсін және заңдарда белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін. 5. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 2) ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1120 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара) 6. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі: Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен бірлесіп, Республикалық құқықтық ақпарат орталығына құқықтық ақпаратпен қамтамасыз етуге 1999 жылға бөлінген республикалық бюджетте көзделген қаражаттың шегінде, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізуге жататын нормативтік құқықтық актілерді жинақтау мен олардың есебін жүргізуге және мемлекеттік және орыс тілдерінде оның деректерінің базасын қалыптастыру жөніндегі жұмыстарды жүргізуге мемлекеттік тапсырысты қалыптастырсын. заңдарда белгіленген тәртіппен Үкіметтің бұдан бұрын қабылданған шешімдерін осы қаулыға сәйкес келтіру жөнінде ұсыныс енгізсін, сондай-ақ Әділет министрлігінің бұдан бұрын қабылданған шешімдерін осы қаулыға сәйкес келтірсін. 7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |