Туристік қызмет объектілерін салу, реконструкциялау кезінде кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын бекіту туралы (2025.10.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
«Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 20-15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: ҚР Туризм және спорт министрінің 2023.29.12. № 353 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 16 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1. Қоса беріліп отырған Туристік қызмет объектілерін салу, реконструкциялау кезінде кәсіпкерлік субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды; 3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін. ҚР Туризм және спорт министрінің 2023.29.12. № 353 бұйрығымен 4-тармақ жаңа редакцияда (2024 ж. 16 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4. Осы бұйрық 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс. Қағидалардың 11-тармағының екінші абзацы 2024 жылғы 1 мамырға дейін қолданылады деп белгіленсін.
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ» Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|