«Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті республикалық мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 25 шілдедегі № 9 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті республикалық мемлекеттік мекемесінің және оның аумақтық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 25 шілдедегі № 9 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін: 15-тармақта: Комитет функцияларында: 1) және 2) тармақшалар алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 2-1), 2-2), 2-3), 2-4), 2-5), 2-6), 2-7), 2-8), 2-9), 2-10), 2-11), 2-12), 2-13), 2-14), 2-15), 2-16), 2-17), 2-18), 2-19), 2-20), 2-21) және 2-22) тармақшалары толықтырылсын: «2-1) мемлекеттік органдарға техникалық реттеу объектілерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді және құқықтық актілерді Қазақстан Республикасының Техникалық реттеу саласындағы заңнамасына, техникалық регламенттерге және ұлттық стандарттарға сәйкестікке келтіру туралы ұсыныстар енгізу; 2-2) техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін өнімді айналысқа шығарудың жолын кесу және оған жол бермеу бойынша ықпал ету шараларын қабылдау; 2-3) техникалық реттеу саласындағы заңнамаға сәйкес жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне, адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға тікелей қатер төндіретін өнімді алып қою және қадағалау субъектісін Қазақстан Республикасының Азаматтық-процестік заңнамасына сәйкес осындай өнімді иелену, пайдалану және (немесе) оған билік ету құқығынан айыру туралы сотқа талап қою; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|