Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылдың 29 тамыздағы № 1349 бұйрығының 3-қосымшасы
Осы редакция 2022 жылғы 31 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Тауар таңбаларына және тауар шығарылған жерлердің атауларына өтінімдерге сараптама жасау қағидалары (2022.10.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы тауар таңбаларына және тауар шығарылған жерлердің атауларына өтінімдерге сараптама жасау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 1999 жылдың 26 шілдесіндегі «Тауар таңбалары, қызмет таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Заңының (бұдан әрі - Заң) 3-бабының 2-тармағының 2) тармақшасы негізінде әзірленіп, тауар таңбалары мен тауар шығарлыған жерлердің атауларына берілген өтінімдерге құжаттардың дұрыс толтырылғандығын және алдын-ала мен толық сараптамадан тұратын сарапатама тәртібін анықтайды. 2. Осы Қағидаларда келесі негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) Париж конвенциясы - Өнеркәсіптік меншік объектілерін қорғау жөніндегі 1883 жылдың 20 наурызында қабылданған және әрі қарай енгізілген өзгерістер мен толықтырулары бар Париж конвенциясы; 2) Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының Халықаралық бюросы - зияткерлік меншік саласында халықаралық саясатты және мемлекеттердің ынтымақтасытығын қамтамасыз етіп, реттейтін халықаралық ұйым; 3) қорғаудан шығарылған элементтер (дискламация) - тауар таңбасына белгінің қорғауға жатпайтын элементтерін қорғаудан шығара отырып қорғауды ұсыну; 4) дәрілік заттардың халықаралық патенттелмейтін атаулары (бұдан әрі - ХПА) - Дүниежүзілік халықаралық денсаулық сақтау ұйымымен ұсынылған және ХПА тізіміне енгізілген, дүние жүзінде қабылданып, қоғамдық меншікке айналған қолданыстағы дәрілік заттың заттегінің ерекше атауы; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|