|
|
|
Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 6 қыркүйектегі № 12 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Мен, Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің орынбасары С. Слямгазина, мына құжаттарды: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-293/2020 бұйрығымен бекітілген шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын және пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2021 жылғы 27 мамырдағы № ҚР ДСМ-47 бұйрығымен бекітілген «Жіті респираторлық вирустық инфекциялар, тұмау және олардың асқынулары (пневмония), менингококк инфекциясы, COVID-19 коронавирустық инфекциясы, желшешек, скарлатина кезінде санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 5 шілдедегі № ҚР ДСМ-78/2020 бұйрығымен бекітілген «Коронавирустық инфекцияның таралу қаупінің пайда болуының алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын; Ауыр жіті респираторлық синдром-2 (SARS-CoV-2) коронавирусынан туындаған коронавирустық инфекциясымен (бұдан әрі - COVID-19) сырқаттанушылық бойынша Шығыс Қазақстан облысындағы, Қазақстан Республикасының басқа облыстарындағы және іргелес мемлекеттердегі санитариялық-эпидемиологиялық ахуал туралы жедел мәліметтерді қарап, Есептік өлшемшарттар негізінде COVID-19 науқастарын емдеуге арналған инфекциялық стационарлардағы төсек қорының (ТҚ) қамтылу пайызы - 17,4%, облыс бойынша инфекцияның репродуктивтік мәні (R) - 0,984 құрағанын анықтадым. Шығыс Қазақстан облысының халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының «дельта» («үнді» В.1.617.2), «альфа» («британдық» В.1.1.7), «бетта» («оңтүстік африка» В. 1.351), «гамма» («бразилиялық» Р.1), «каппа» («үнді» В. 1.617.1), «йота» («нью-йорк»), «ета» («нигерлік») және өзге де штаммдарының әкелінуі мен таралуының алдын алу мақсатында, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі № 360-VI ҚРЗ Қазақстан Республикасы Кодексінің 38-бабының 1-тармағының 4) және 7) тармақшалары, 2-тармағының 3) тармақшасы, 102, 104 - баптары негізінде, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. «Шығыс Қазақстан облысының халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясымен сырқаттанушылықтың алдын алу жөніндегі шаралар туралы» Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 6 қыркүйектегі № 12 қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін: 1) 1-тармақ келесі редакцияда жазылсын: «1. Шығыс Қазақстан облысының аумағында 2021 жылғы 4 қазаннан бастап 17 қазанға дейін шаруашылық және (немесе) өзге де қызметпен және халықтың тыныс-тіршілігінің ерекше жағдайларымен шектеу шаралары ұзартылсын. Шектеу іс-шараларының режимі мен мерзімдері облыс аумағында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін»; 2. Қаулы меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті. 3. Осы қаулы барлық мүдделі ведомстволардың назарына жеткізілсін, халық ресми веб-ресурстар, БАҚ, әлеуметтік желілер және өзге де ақпараттық ресурстар арқылы хабардар етілсін. 4. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. 5. Осы қаулы 2021 жылғы 4 қазаннан бастап күшіне енеді және оның ресми күші жойылғанға дейін қолданылады.
М. О.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |