Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін 2021-2022 жылдардың қысқы кезеңіндегі төтенше жағдайларға дайындау туралы
«Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабына сәйкес, төтенше жағдайларға жедел ден қою, азаматтық қорғау қызметтерінің басқару органдары, күштері мен құралдарының авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізуге әзірлігін қамтамасыз ету, 2021-2022 жылдардың қысқы кезеңіндегі төтенше жағдайлардан болатын нұқсанды барынша азайту мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған 2021-2022 жылдардың қысқы кезеңіндегі төтенше жағдайларды жоюға тартылатын азаматтық қорғау қызметтері мен құралымдарының күштері мен құралдарының топтамалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (келісу бойынша) (республикалық азаматтық қорғау көлік, жолдар мен көпірлер қызметтері): 1) «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы», «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамдарының, «Қазақавтожол» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қар тазалайтын, жол-құрылыс, теміржол техникасын, үй-жайларын әзірлікке келтірсін; 2) көлік магистральдарындағы қар құрсауларын жою үшін жанар-жағармай және тайғанауға қарсы материалдар қорын жасасын; 3) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астана әкімдіктерімен бірлесіп жолдардың ең көп қар алатын учаскелеріне жол-құрылыс және қар тазалайтын техниканы бекітсін; 4) «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамын және «Қазақавтожол» жауапкершілігі шектеулі серіктестігін қар тазалайтын техникамен жарақтандыруды тиесілілік нормаларына сәйкес келтірсін; 5) еліміздің автожолдарына қызмет көрсететін жол қызметтерінің GPS-трекер қар тазалайтын техникаларына Төтенше жағдайлар департаменттеріне рұқсат берсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|