«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2023 - 2027 жылдарға арналған даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 454 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 5 қаңтардағы № 4 бұйрығы
БҮЙЫРАМЫН: 1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2023 - 2027 жылдарға арналған даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 454 бұйрығына мынадай өзгеріс еңгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2023 - 2027 жылдарға арналған даму жоспары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті осы бұйрық қабылданғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. 4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 5 қаңтардағы № 4 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 454 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2023 - 2027 жылдарға арналған даму жоспары
1-бөлім. Миссиясы және пайымы Миссиясы: Мемлекеттік саясатты тиімді қалыптастыру, үйлестіру және іске асыру жолымен агроөнеркәсіптік кешеннің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, жер ресурстарын басқару үшін жағдай жасау Пайымы: Бәсекеге қабілетті агроөнеркәсіптік кешен және орнықты жер ресурстары
2-бөлім. Стратегиялық және бюджеттік жоспарлаудың өзара байланысының архитектурасы
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|