Төменгі сот сатыларының іс бойынша қабылдаған шешімдері заң талаптарына сәйкес келмегендіктен, сот актілерінің күші ) жойылып, іс өндірістен қысқартылды
Талапкер «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі» Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті» ММ (бұдан әрі - талапкер) жауапкер жеке кәсіпкер З.-ға қарасты «Ж» автокөлік тұрағының жұмысын толық тоқтату туралы талап арызбен сотқа жүгінген. Оңтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2013 жылғы 3 қыркүйектегі шешімімен талап арыз қанағаттандырылып, Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласы Ташкент тас жолы бойында орналасқан жеке кәсіпкер З.-ға қарасты «Ж» автокөлік тұрағының жұмысы толық тоқтатылып, одан жергілікті бюджетке 866 теңге мемлекеттік баж өндірілген. Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының апелляциялық және кассациялық сот алқаларының қаулыларымен бірінші сатыдағы соттың шешімі өзгеріссіз қалдырылған. Жоғарғы Соттың азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі қадағалаушы сот алқасы азаматтық іс бойынша шығарылған сот актілерінің күшін жойып, талапкердің арызы бойынша азаматтық істі өндірістен қысқартып, жеке кәсіпкер З.-ның өтінішін қанағаттандырды. АІЖК-нің 387-бабының 3-бөлігіне сәйкес заңсыз сот актісін шығаруға әкеп соққан материалдық не іс жүргізу құқығының нормаларын елеулі түрде бұзу заңды күшіне енген шешімдерді, қаулыларды және ұйғарымдарды қадағалау тәртібімен қайта қарауға негіз болады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|