|
|
|
28.06.2021 Көлік құралдары құрамдауыштары нарық айналымына шығару ережелері
Өздеріңіз білетіндей, Кеден одағы комиссиясының 09.12.2011 ж. № 877 шешімімен Кеден одағының «Дөңгелекті көліктердің қауіпсіздігі туралы» (КО ТР 018/2011) техникалық регламенті бекітіліп, 01.01.2015 ж. бастап күшіне енді және осы сәттен бастап көлік құралдарының құрамдауыштары осы КО ТР сәйкес келген жағдайда нарықта айналымға жіберіледі. Көлік құралдарының құрамдауыштары үшін айналымға шығару кезінде КО ТР 018/2011 талаптарына сәйкестікті куәландыратын құжаттар сәйкестік туралы декларация немесе сәйкестік сертификаты болып табылады. Көлік құралының құрамдауыштары бұл көлік құралдарын құрастыру өндірісіне және (немесе) пайдаланудағы көлік құралдары үшін ауыстырмалы (қосалқы) бөлшектер ретінде жеткізілетін көлік құралы конструкциясының құрамдас бөліктері. Пайдаланудағы көлік құралдары үшін ауыспалы (қосалқы) бөлшектер ретінде айналымға шығарылатын кұрамдауыштар КҚ-ға орнату кезінде КҚ айналымға шығару сәтіндегі деңгейге қатысты оның қауіпсіздік деңгейін төмендетпеуі тиіс. Сәйкестікті растаудың мақсаты сәйкестікті растау үшін мәлімделген типке жататын барлық шығарылатын кұрамдауыштардың КО ТР 018/2011 көзделген талаптарға сәйкес келетіндігін куәландыру болып табылады. Сәйкестікті растау бұрын пайдаланылған құрамдауыштарға (қосалқы бөлшектерге) қатысты жүргізілмейді. Сәйкестікті растау сәйкестікті декларациялау немесе міндетті сертификаттау нысандарында жүзеге асырылады. Сәйкестік сертификаттары немесе КО ТР 018/2011 талаптары бойынша сәйкестік туралы декларациялар ресімделген құрамдауыштар (қосалқы бөлшектер) нарықтағы өнім айналымының бірыңғай белгісімен таңбаланады. Таңбалау кескіннің анықтығын қамтамасыз ететін және өшіп қалмауды болдырмайтын кез-келген ыңғайлы тәсілмен жүзеге асырылады. Құрамдауыштарды (қосалқы бөлшектерді) таңбалау кезінде нарықтағы өнім айналымының бірыңғай белгісі өнімнің өзіне (егер бұл техникалық мүмкіндік болса) және/немесе заттаңбаға (егер бар болса), сондай-ақ орамаға және ілеспе техникалық құжаттамаға орналасуға тиіс. Нарықтағы өнім айналымының бірыңғай белгісі мүмкіндігінше дайындаушының тауар белгісінің жанында орналасуы тиіс. Құрамдауыштарды «Е» немесе «е» ресми бекіту белгілерімен таңбалау, өнімнің нарықтағы айналымының бірыңғай белгісімен таңбалауға теңестіріледі. Құрамдауыштарда «Е» немесе «е» ресми бекіту белгілерімен таңбалау болған кезде, мұндай құрамдауыштарды нарықта бірыңғай айналым белгісімен таңбалау талап етілмейді. Толық ақпаратты Сіздер, Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінен ала аласыздар. Біздің мекен-жайымыз: Алматы қаласы, Жандосов көшесі, 2 үй. 3 қабат. Байланыс телефоны: 8 (727) 392-15-03, 392-25-37. Электрондық адрес: Е-mail: ktrm_almaty@mail.ru.
Алматы қаласы бойынша мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспектор Қызғарин Құралбек Балтабекұлы
Правила обращения на рынке компонентов транспортных средств
Как Вы знаете, Решением Комиссии Таможенного союза от 09.12.2011г. № 877 утвержден Технический регламент Таможенного Союза «О безопасности колесных транспортных средств» (ТР ТС 018/2011), который вступил в силу с 01.01.2015г. и с этого момента компоненты транспортных средств допускаются к обращению на рынке при их соответствии к данному ТР ТС. Документами, удостоверяющими соответствие требованиям ТР ТС 018/2011 при выпуске в обращение для компонентов транспортных средств, являются декларация о соответствии или сертификат соответствия. Компоненты транспортного средства это составные части конструкции транспортного средства, поставляемые на сборочное производство транспортных средств и (или) в качестве сменных (запасных) частей для транспортных средств, находящихся в эксплуатации. Компоненты, выпускаемые в обращение как сменные (запасные) части для находящихся в эксплуатации транспортных средств, при установке на ТС не должны снижать уровень его безопасности по отношению к уровню на момент выпуска ТС в обращение. Целью подтверждения соответствия является удостоверение в том, что все выпускаемые компоненты, относящиеся к типу, заявленному для подтверждения соответствия, соответствуют требованиям, предусмотренным ТР ТС 018/2011. Подтверждение соответствия не проводится в отношении бывших в употреблении компонентов (запасные части). Подтверждение соответствия осуществляется в формах декларирования соответствия или обязательной сертификации. Компоненты (запасные части) на которые оформлены сертификаты соответствия или декларации о соответствии по требованиям ТР ТС 018/2011 маркируются Единым знаком обращения продукции на рынке. Маркирование осуществляется любым удобным способом, обеспечивающим четкость изображения и исключающим истирание. При маркировании компонентов (запасных части) единый знак обращения продукции на рынке должен быть нанесен непосредственно на единицу продукции (если это технически возможно) и/или ярлык (если таковой имеется), а также упаковку и сопроводительную техническую документацию. Единый знак обращения продукции на рынке должен быть нанесен, по возможности, рядом с товарным знаком изготовителя. Маркировка компонентов знаками официального утверждения «Е» или «е» приравнивается к маркировке единым знаком обращения продукции на рынке. При наличии на компонентах маркировки знаками официального утверждения «Е» или «е» маркировка таких компонентов единым знаком обращения на рынке не требуется. Более подробную информацию, Вы можете получить в Департаменте Комитета технического регулирования и метрологии Министерства торговли и интеграции Республики Казахстан по г.Алматы. Наш адрес: г.Алматы, ул.Жандосова, 2, 3 этаж. Телефоны: 8 (727) 392-15-03, 392-25-37. Е-mail: ktrm_almaty@mail.ru.
Государственный инспектор города Алматы по государственному контролю Кызгарин Куралбек Балтабекович
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |