Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзербайжан Республикасының Үкіметі арасындағы қорғаныс саласында әскери барлау аясындағы ынтымақтастық туралы КЕЛІСІМ (2024 ж. 7 маусым Баку қ)
ҚР Үкіметінің 2024 жылғы 16 қыркүйектегі № 752 Қаулысымен бекітілді
2024 ж. 7 қазанда күшіне енді
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзербайжан Республикасының Үкіметі 2004 жылғы 1 наурызда Астана қаласында қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Әзербайжан Республикасының Үкiметi арасындағы әскери саладағы ынтымақтастық туралы келісімді басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының және Әзербайжан Республикасының егемендігін, мемлекеттік тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын құрметтей отырып, тең құқықтық пен өзаралық қағидаттары негізінде Тараптар мемлекеттерінің қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қорғауға мүдделілікті негізге ала отырып, Тараптар мемлекеттерінің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде қорғаныс саласында әскери барлау аясының рөлін және осы саладағы ынтымақтастық үшін құқықтық негіз құру қажеттілігін ескере отырып, төмендегілер туралы келісті:
Осы Келісімнің мақсаты осы Келісімнің 3-бабында айқындалған нысандарда Тараптардың міндеттемелерін, қорғаныс саласында әскери барлау аясындағы ынтымақтастықты жүзеге асыру шарттары мен тәртібін айқындау болып табылады.
1. Осы Келісімді іске асыру жөніндегі уәкілетті органдар: Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан - Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі; Әзербайжан Республикасының Үкіметі атынан - Әзербайжан Республикасының Қорғаныс министрлігі болып табылады. 2. Уәкілетті органдардың атауы немесе функциялары өзгерген жағдайда Тараптар дипломатиялық арналар арқылы бірін-бірі дереу хабардар етеді.
Тараптар мынадай нысандарда ынтымақтастықты жүзеге асырады: 1) уәкілетті органдар басшыларының ресми сапарлары және сарапшылардың жұмыс кездесулері; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|