Ақмола облысы әкімдігінің 2019 жылғы 6 қыркүйектегі № A-9/426 Қаулысымен күші жойылды Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 23 қыркүйектегі № А-10/446 қаулысымен бекітілді
«Тракторлар және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдер, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол - құрылыс машиналары мен механизмдер, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Тракторлар және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдер, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол - құрылыс машиналары мен механизмдер, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Ақмола облысының облыстық маңызы бар аудандардың және қалалардың ауыл шаруашылығы бөлімдерімен (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру: 1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі; 2) «электрондық үкімет» веб-порталы: www.egov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрі - Портал) арқылы жүргізіледі. 2. Мемлекеттік қызметтің көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандарылған ) қағаз түрінде. 3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - тракторлар және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдер, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдер, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмiрлiк белгi беру. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
2. Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерісінде қызмет берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) іс-әрекетінің тәртiбiн сипаттау
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|