Қаржы нарығы субъектілерінің жұмыс режимі туралы
Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысында көзделген шектеу шараларының және (немесе) іс-шаралардың күші жойылғанға дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы азаматтарының өмірі мен денсаулығын қорғау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекцияның (COVID-19) таралуын болдырмау мақсатында, БҰЙЫРАМЫЗ: 1. 2021 жылғы 19 қаңтардан бастап: 1) осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшада көрсетілген субъектілер: қызметтерді онлайн-режимде барынша көрсетуді қамтамасыз етсін; эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес мыналарға жататын аймақтарда қызметін жүзеге асыратын субъектілер: «қызыл» аймаққа - халыққа қызмет көрсеткен кезде күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режим шараларын қатаң сақтаған жағдайда, өндірістік қажеттілік кезінде қашықтан жұмыс істеу нысанына филиалдың (бөлімшенің, пункттің) штат санының кемінде 40% (қырық пайыз) қызметкерлері ауыса алатын филиалдарын (бөлімшелерін, пункттерін) қоспағанда, жалпы штат санының кемінде 60% (алпыс пайыз) қызметкерлерінің қашықтан жұмыс істеу нысанына ауысуын қамтамасыз етсін; «сары» және «жасыл» аймақтарға - халыққа қызмет көрсеткен кезде күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режим шараларын қатаң сақтаған жағдайда, өндірістік қажеттілік кезінде қашықтан жұмыс істеу нысанына филиалдың (бөлімшенің, пункттің) штат санының кемінде 30% (отыз пайыз) қызметкерлері ауыса алатын филиалдарын (бөлімшелерін, пункттерін) қоспағанда, жалпы штат санының кемінде 50% (елу пайыз) қызметкерлерінің қашықтан жұмыс істеу нысанына ауысуын қамтамасыз етсін; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|