«Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.»; көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларында: 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) алқаптың кадастрлық нөмірі - субсидиялаудың ақпараттық жүйесі беретін, орналасқан жерін айқындауға (сәйкестендіруге) арналған, көп жылдық екпелері бар учаскенің бірегей коды; 2) бірінші ұрпақ будандарының тұқымдары - бірінші ұрпақта гетерозис нәтижесінде ең үздік ата-енелік нысаннан шығымдылығы немесе өзге де көрсеткіштері бойынша асып түсетін будандық өсімдіктер беретін, генетикалық айырмашылығы бар ата-енелік нысандарды будандастырудан алынған жүгері, қант қызылшасы, рапс, күнбағыс, мақта, құмай, қызанақ және қияр тұқымдары; 3) жеке шот - субсидиялауға арналған өтінімдерді (өтпелі өтінімдерді) тіркеу және олар бойынша операцияларды есепке алу мақсатында тіркелген тұлғаны сәйкестендіруге мүмкіндік беретін тізілімдегі жазбалар жиынтығы; 4) көп жылдық екпелердің электрондық картасы - бұрылыс нүктелерінің координаттарын және жерді қашықтықтан зондтау спутниктерінен алынған деректерді қамтитын, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесінде орналасқан алқап туралы ақпарат; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|