Алматы қаласы мәслихатының 2022 жылғы 9 желтоқсандағы № 198 «Алматы қаласының 2023-2025 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы VIII сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс II сессиясының 2023 жылғы 21 сәуірдегі № 7 шешiмi
ШЕШТІ: 1. Алматы қаласы мәслихатының 2022 жылғы 9 желтоқсандағы № 198 «Алматы қаласының 2023-2025 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 175324 болып тіркелген), келесі өзгерістер енгізілсін: 1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «1. Алматы қаласының 2023-2025 жылдарға арналған бюджеті осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2023 жылға келесі көлемдерде бекітілсін: 1) кірістер – 1 339 172 121 мың теңге, оның ішінде: салықтық түсімдер – 1 143 708 769 мың теңге; салықтық емес түсімдер – 8 737 171 мың теңге; негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 45 891 826 мың теңге; трансферттер түсімдері – 140 834 355 мың теңге; 2) шығындар – 1 475 507 810 мың теңге; 3) таза бюджеттік кредиттеу – 15 452 230 мың теңге; 4) қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдо – 63 583 080 мың теңге, оның ішінде: қаржы активтерін сатып алу – 64 033 080 мың теңге; 5) бюджет тапшылығы (профициті) – -215 370 999 мың теңге; 6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профициті пайдалану) – 215 370 999 мың теңге.»; 6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «6. Қала бюджетінде жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтерді қаржыландыру 17 174 121 мың теңге сомасында бекітілсін.»; 7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «7. Қорғаныс шығындары 21 497 369 мың теңге сомасында бекітілсін.»; 8-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «8. Қоғамдық тәртіпті, қауіпсіздікті, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметті қамтамасыз ету бойынша шығындар 37 690 036 мың теңге сомасында бекітілсін.»; 9-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «9. Білім беру шығындары 444 158 807,9 мың теңге сомасында бекітілсін.»; 10-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «10. Денсаулық сақтау шығындары 37 735 338,1 мың теңге сомасында бекітілсін.»; 11-тармақ жаңа редакцияда жазылсын: «11. Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету шығындары 55 718 807 мың теңге сомасында бекітілсін.»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|