Жоба Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму
ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 20 сәуірдегі № 213 Қаулысыменмақұлданды
Бұдан әрі бірлесіп тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі (бұдан әрі - Үкімет) мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (бұдан әрі - ЭЫДҰ) төмендегілер туралы келісті:
Үкімет ЭЫДҰ Еуразиялық бәсекеге қабілеттілік бағдарламасы (бұдан әрі - ЕББ) бойынша бағдарламасының 2015 - 2016 жылдарға арналған Жұмыстар бағдарламасына және бюджетіне сәйкес 2 000 000 (екі миллион) евро сомасына ЕББ-ның Жаһандық байланыстар хатшылығының қызметін қаржыландыруға келіседі. ЕББ қызметі Еуразия елдерін ЭЫДҰ саясатының стандарттарына және басқа құралдарына қосылуын көтермелеу, бәсекеге қабілеттілік жолындағы саяси кедергілерді анықтау және бәсекеге қабілеттілікті арттыруға бағытталған саясатты әзірлеу мен іске асыру саласындағы әлеуетті ұлғайтуды қолдау арқылы Еуразия өңірінде бәсекеге қабілеттілікті арттыру саясатын әзірлеуді және іске асыруды қолдауға негізделеді.
2-бап. Бюджет және қаржыландыру тетіктері
1. Қаржыландыру екі кезеңде жүзеге асырылады: 1) 1 000 000 (бір миллион) евро мөлшеріндегі бірінші жарна осы Келісімге қол қойылғаннан кейін және ЭЫДҰ-дан тиісті шот алынғаннан кейін төленеді; 2) 1 000 000 (бір миллион) евро мөлшеріндегі екінші жарна ЭЫДҰ-дан тиісті шот алынғаннан кейін 2016 жылғы 30 сәуірден кешіктірілмей төленеді. 2. ЭЫДҰ-ның қаржылық регламентіне және басқа да тиісті нормаларына, саясаты мен қазіргі уақытта жалпы жарна сомасының 5,3%-ы мөлшеріндегі әкімшілік шығындарды өтеу есебіне алымды көздейтін рәсімдеріне сәйкес ЭЫДҰ Жарнаны иеленеді. Аталған шығындар ЭЬІДҰ-ның қаржылық есептілігіне енгізілетін болады, бұл жалпыға бірдей қабылданған бухгалтерлік есеп қағидаттарына сәйкес келеді.
3-бап. Жұмыстар мен есептіліктің сипаттамасы
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|