|
|
|
27.09.2024 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы
2015 жылдың 18 қарашасында мемлекетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеп, ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға бағытталған ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл туралы» Заңы бекітілді. Көрсетілген Заңға сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттары айқындалған. Бұл: заңдылық, адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау басымдығы, жариялылық пен ашықтық, мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимыл жасауы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын жүйелі және кешенді пайдалану, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын басым қолдану, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға жәрдем көрсететін адамдарды қорғау және көтермелеу, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін жазаның бұлтартпастығы қағидаттары негізінде жүзеге асырылады.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың мақсаты мен міндеттері: 1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың мақсаты қоғамда сыбайлас жемқорлықты жою болып табылады. 2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мақсатына қол жеткізу мынадай: 1) қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбестік ахуалын қалыптастыру; 2) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін жағдайлар мен себептерді анықтау және олардың салдарларын жою; 3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің өзара іс-қимылын нығайту; 4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі халықаралық ынтымақтастықты дамыту; 5) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру міндеттерін шешу арқылы іске асырылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының жүйесі: 1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті; 2) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауды; 3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруды; 3-1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізуді; 4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңдық сараптама жүргізу кезінде сыбайлас жемқорлық сипаты бар нормаларды анықтауды; 5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды қалыптастыруды және сақтауды; 6) қаржылық бақылауды; 7) сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді; 8) мүдделер қақтығысын болғызбауды және шешуді; 9) кәсіпкерлік саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын; 10) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтауды, жолын кесуді, ашуды және тергеп-тексеруді; 11) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабарлауды; 12) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың салдарларын жоюды; 13) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы ұлттық баяндаманы қалыптастыруды және жариялауды қамтиды.
Қарағанды облысының МАЭС бас маманы А.М. Садвакасова
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |