«Өнеркәсiптік үлгiге өтiнiмдi жасау, ресiмдеу және қарау, мәлiметтердi Қазақстан Республикасының өнеркәсiптік үлгiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу, сондай-ақ қорғау құжатын беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 2012 жылғы 24 ақпандағы № 91 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
ҚР Әділет министрінің м.а. 2018 жылғы 25 тамыздағы № 1302 бұйрығымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік саласын құқықтық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 7 сәуірдегі Заңына сәйкес келтіру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН: 1. «Өнеркәсiптік үлгiге өтiнiмдi жасау, ресiмдеу және қарау, мәлiметтердi Қазақстан Республикасының өнеркәсiптік үлгiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу, сондай-ақ қорғау құжатын беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 2012 жылғы 24 ақпандағы № 91 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7518 тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында, 2012 жылғы № 8 (тираждың шыққан уақыты 24.07.2012 ж.); «Егемен Қазақстан» газетінде 23.08.12 ж. № 540-545 (27618) жарияланған) келесі енгізілсін: Осы бұйрықпен бекітілген Өнеркәсiптік үлгiге өтiнiмдi жасау, ресiмдеу және қарау, мәлiметтердi Қазақстан Республикасының өнеркәсiптік үлгiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiне енгiзу, сондай-ақ қорғау құжатын беру ережесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын. 2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы департаментіне: 1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді; 2) мерзімді басылымдарда және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйеде ресми жариялауды қамтамасыз етсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|