Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 3 қыркүйектегі № 338 қаулысымен бекітілген
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 17 маусымдағы № 163 Қаулысымен күші жойылды
«Дәрігерді үйге шақыру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. «Дәрігерді үйге шақыру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) регламенті «Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11304 болып тіркелген) бекітілген «Дәрігерді үйге шақыру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - стандарт) сәйкес әзірленді. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті осы регламентке 1-қосымшаға сәйкес медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымдар (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін беру: 1) көрсетілетін қызметті беруші (тікелей немесе көрсетілетін қызметті алушының телефон байланысы бойынша өтініш берген кезде); 2) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. 3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: 1) тікелей немесе телефон байланысы арқылы жүгінген кезде - көрсетілетін қызметті берушінің шақыруларды тіркеу журналында жазылу және дәрігердің келетін күнін, уақытын көрсете отырып, ауызша жауап; 2) порталға электронды форматта жүгінген кезде - «жеке кабинетте» электрондық өтінім статусы түрінде хабарлама. Бұл ретте мемлекеттік қызметті көрсетуге сұраныс қабылданғаннан кейін жеке тұлғаға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушыға) белгіленген уақытта үйде медициналық көмек көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|