ҚР Қаржы министрінің 2024.25.11. № 783 бұйрығымен 49-1 және 49-2-қосымшамен толықтырылды (2024 ж. 14 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді)
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 39 бұйрығына 49-1-қосымша
Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 39 бұйрығына 49-2-қосымша
«Жұмыспен қамтуға көмектесу, міндетті медициналық сақтандыру, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорларына, зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа аударымдардың және автомобиль жолдарын пайдаланушылардың аударымдары есебі (641.00-нысан)» салық есептілігін жасау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы «Жұмыспен қамтуға көмектесу, міндетті медициналық сақтандыру, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорларына, зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа аударымдардың және автомобиль жолдарын пайдаланушылардың аударымдары, есебі (641.00-нысан)» салық есептілігін жасау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі - Салық кодексі) сәйкес әзірленген және Салық кодексінің 722-бабының 1-тармағымен көзделінген салық режимінің тұрақтылығына Қазақстан Республикасы кепілдік берген, заңнамамен белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасымен жасалған келісімшарттар (бұдан әрі - келісімшарттар) бойынша жұмыс істейтін салық төлеушілердің Жұмыспен қамтуға көмектесу, міндетті медициналық сақтандыру, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорларына, зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа аударымдардың және автомобиль жолдарын пайдаланушылардың аударымдары есебі (бұдан әрі - есеп) жасау тәртібін айқындайды. 2. Есепті толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді. 3. Көрсеткіштер болмаған кезде тиісті торкөздері толтырылмайды. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|