ҚР Қаржы министрінің 2021.08.01. № 7 бұйрығымен 2023 ж. 1 қаңтардан бастап күші жойылды Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2016 жылғы 21 маусымдағы № 324 бұйрығына 10-қосымша
Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2014 жылғы 25 желтоқсандағы № 587 бұйрығына 83-қосымша
Акциз бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (400.00-нысан)
1. Жалпы ережелер
1. Осы Акциз бойынша салық есептілігін (декларация) жасау қағидалары (400.00-нысан) (бұдан әрі - Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және акциз сомаларын есептеуге арналған акциз бойынша салық есептілігі нысанын (бұдан әрі - декларация) толтыру тәртібін айқындайды. Декларацияны акциз төлеушілер Салық кодексінің 9-бөліміне сәйкес толтырады. Бензин (авиациялықты қоспағанда) мен дизель отынын өткізуді жүзеге асыратын акциз төлеушілерді қоспағанда, орналасқан орны бойынша мемлекеттік кірістер органында тіркелген салық салуға байланысты бір объектісі бар акциз төлеуші акциз бойынша декларацияны құрылымдық бөлімшелер немесе салық салуға байланысты объекті үшін есепті қоса бермей-ақ табыс етеді. 2. Осы Қағидалар 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап салық есептілігін табыс ету бойынша міндеттемелерге қолданылады. 3. Декларация декларацияның өзінен (400.00-нысан) және салық міндеттемесінің есептелуі туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған оған қосымшалардан (400.01-ден 400.08-ге дейінгі нысандар) тұрады. 4. Декларация толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді. 5. Көрсеткіштер болмаған кезде тиісті торкөздері толтырылмайды. 6. Декларацияға қосымшалар декларациядағы тиісті көрсеткіштерді көрсетуді талап ететін жолдарды толтыру кезінде міндетті тәртіпте жасалады. 7. Декларацияға қосымшалар оларда көрсетілуі тиіс деректер болмаған кезде жасалмайды. 8. Декларацияға қосымшалардың парағында бар жолдардағы көрсеткіштердің саны асып кеткен жағдайда декларацияға қосымшаның осындай парағы қосымша толтырылады. 9. Осы Қағидаларда арифметикалық белгілер қолданылады: «+» - қосу; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|