Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бойынша кейбір мәселелер туралы
«Мемлекеттік қызмет туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 2-тармағының 2), 3) тармақшаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) қызметіне жүргізілген Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің сыртқы талдау қорытындысы бойынша енгізілген ұсынымдарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Министрліктің құрылымдық бөлімшелері және ведомстволары басшыларының жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау сапасын бақылауды жүзеге асыру және уақтылы қарау үшін дербес жауапкершілігі бекітілсін. 2. Министрліктің Әкімшілік департаменті. 1) 2021 жылғы 1 наурызға дейінгі мерзімде жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне жауап дайындау жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды әзірлесін және жұмыста пайдалану үшін құрылымдық бөлімшелер мен ведомстволарға жіберсін; 2) өтінішті қабылдаудан бас тарту практикасын болдырмасын; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|