Абай облысы әкімдігінің 2023 жылғы 7 ақпандағы № 32 «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария және орман шаруашылығы саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Абай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Абай облысы әкімдігінің «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт, ветеринария және орман шаруашылығы саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» 2023 жылғы 7 ақпандағы № 32 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22-18 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулының 3-қосымшасы, осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. «Абай облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы қаулыны Абай облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Абай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Абай облысы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін. 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» Абай облыcының мәслихаты
2024 жылғы 18 қаңтардағы № 14 Қаулысына қосымша
Абай облысы әкімдігінің Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|