Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН: 1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) «Мүлікті тәркілеу бөлігінде қылмыстық іс бойынша сот үкімі негізінде не мүлікті мемлекетке беру туралы шешім негізінде тыйым салынған мүлікті өткізу немесе пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 227 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10813 болып тіркелген): көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мүлікті тәркілеу бөлігінде қылмыстық іс бойынша сот үкімі негізінде не мүлікті мемлекетке беру туралы шешім негізінде тыйым салынған мүлікті өткізу немесе пайдалану қағидасында: 2-тармақтың 13) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «13) комиссиялық тапсырма - мүлік және тиісті бюджетке немесе Арнаулы мемлекеттік қорға аударылуы тиіс оның құны көрсетілетін мемлекеттік сатып алу туралы шарттың (комиссияның) бір бөлігі, сондай-ақ комиссиялық тапсырма бойынша міндеттемелердің орындалуын қаржылай қамтамасыз ету ретінде сатушы шотына сауда ұйымы енгізетін сома;»; 12-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «Қабылдап алу-беру актісіне тиісті бюджетке немесе Арнаулы мемлекеттік қорға аударылуы тиіс соманы көрсете отырып, берілетін мүліктің тізбесі қоса беріледі.»; 13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «13. Комиссиялық тапсырманы алған күннен бастап 3 (үш) ай ішінде орындалған жұмыстар туралы актіге қол қойылады және сауда ұйымы сатылған мүлік бойынша комиссиялық тапсырманы орындауды ақшалай қамтамасыз етуді алып тастағанда сатылған мүліктен қаражатты тиісті бюджеттің немесе Арнаулы мемлекеттік қордың кірісіне аударады.»; 14-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: «14. Егер 3 (үш) ай өткеннен кейін сатылмаған мүлік қалса, оның құны елу пайызға төмендетіледі, бұл туралы тиісті бюджетке немесе Арнаулы мемлекеттік қорға аударылуы тиіс соманы көрсете отырып, қабылдап алу-беру актісіне тиісті қосымшаға қол қойылады.»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|