Оқулықтарға, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарға сараптама жасау және сынақтан өткізу нәтижелерін қарастыру жөніндегі пәндік комиссияларды құру туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 23 ақпандағы № 70 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 24 шілдедегі № 344 бұйрығымен бекітілген Оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендері мен оқу-әдістемелік құралдарын әзірлеу, оларға сараптама, сынақ өткізу және мониторинг жүргізу, оларды басып шығару жөніндегі жұмысты ұйымдастыру қағидаларының 26-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Оқулықтарға, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарға сараптама жасау және сынақтан өткізу нәтижелерін қарастыру жөніндегі пәндік комиссиялар (бұдан әрі - Пәндік комиссиялар) осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес құрамда құрылсын. 2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Ш.Т. Каринова): 1) осы бұйрықты пәндік комиссиялардың барлық мүшелерінің назарына жеткізсін; 2) пәндік комиссиялардың отырысын Астана қаласында 2018 жылғы 26 ақпан мен 7 наурыз аралығында өткізсін. 3. Облыстардың, Астана және Алматы қалалары білім басқармаларының, жоғары оқу орындарының, ғылыми ұйымдардың басшылары (келісім бойынша) пәндік комиссиялар мүшелерінің қатысуын қамтамасыз етсін. 4. «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығы (Б.С. Каримова) пәндік комиссиялар мүшелерінің қызметіне оқу әдебиетін сараптамадан өткізуге қарастырылған (098 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқытуға қолжетімділікті қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасының 102 «Мектепке дейінгі білім беру саласындағы әдіснамалық қамтамасыз ету» кіші бағдарламасы, 099 «Сапалы мектеп біліміне қолжетімділікті қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасының 102 «Орта білім беру саласындағы әдіснамалық қамтамасыз ету» кіші бағдарламасы) қаражат есебінен ақы төлеуді қамтамасыз етсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|