|
|
|
15.09.2021 Бірлі-жарым көлік құралдарына айналымға шығарар алдында оларға қойылатын талаптар
Кеден одағы комиссиясының 09.12.2011 ж. № 877 шешімімен Кеден одағының «Дөңгелекті көліктердің қауіпсіздігі туралы» (КО ТР 018/2011) техникалық регламенті (КО ТР 018/2011) бекітіліп, 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап өзінің күшіне енді. Осы Техникалық регламенттің күші қолданылатын техникалық реттеу объектілеріне: жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарында пайдалануға арналған L, M, N және О санатындағы дөңгелекті көлік құралдары (бұдан әрі - көлік құралдары), сондай-ақ шасси; көлік құралдарының қауіпсіздігіне әсер ететін көлік құралдарының компоненттері жатады. Бірлі-жарым көлік құралдары үшін айналымға шығару кезінде КО ТР 018/2011 талаптарына сәйкестікті куәландыратын құжат көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлік (КҚКҚК) болып табылады. Бірлі-жарым көлік құралдарын айналымға шығару алдында, оларға қойылатын талаптардың орындалуын тексеруді Кеден одағының сертификаттау жөніндегі органдарының және сынақ зертханаларының (орталықтарының) бірыңғай тізіліміне енгізілген аккредиттелген сынақ зертханасы (СЗ), әрбір көлік құралын сәйкестендіріп, конструкцияның техникалық сараптама нысанында, қажетті сынақтар мен өлшеулер жүргізгеннен кейін жүзеге асырады. Тексеруге тек жиынтықты көлік құралдары ғана тартылады. СЗ сәйкестендіру мақсатында көлік құралын тексеруді, оның ішінде сәйкестендіру нөмірі бойынша, көлік құралы конструкциясының техникалық сараптамасын, оның ішінде қажетті сынақтар мен өлшеулерді жүргізеді және олардың нәтижелері бойынша хаттама ресімдейді. СЗ сәйкестендіру кезінде көлік құралына тексеру жүргізіледі: көлік құралының маркасының, үлгісінің, санатының, сәйкестендіру нөмірінің және шығарылған жылының (модельдік жылдың) сәйкес келуі, сондай-ақ көлік құралының ұсынылған құжаттамаға, оның ішінде дәлелдемелік материалдарға: сынақ хаттамаларына, көлік құралының БҰҰ қағидаларының талаптарына сәйкестігін куәландыратын типін ресми бекіту туралы хабарламаларға сәйкестігі тексеріледі. Нәтижелері бойынша тексеру актісі жасалады. КО ТР 018/2011 талаптарына қатысты, конструкцияның техникалық сараптама шеңберінде орындалуын растау мүмкін болмаған жағдайда, сынақтар (өлшеулер) жүргізіледі. Тексеру нәтижелері бойынша көлік құралының конструкциясына техникалық сараптама хаттамасы ресімделеді. Егер бірлі-жарым көлік құралы көлік құралының типін мақұлдау қолданылатын типке жататын болса, онда көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлік, көрсетілген көлік құралының типін мақұлдау негізінде ресімделеді. СЗ барлық қажетті дәлелдемелік материалдарды зерделеу нәтижелері бойынша КҚКҚК ресімдейді және береді, егер қажет болған жағдайда өтініш берушіге көлік құралын қолдануды шектеу туралы белгі енгізеді. Жеке тұлға өз мұқтажы үшін Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағына әкелетін немесе бұрын Кеден одағына мүше болып табылмайтын мемлекеттерде жол жүрісіне қатысқан бірлі-жарым көлік құралына, көлік құралы дайындалған сәттен бастап үш жылдан астам уақыт өткен жағдайда ғана КҚКҚК ресімделеді. Бірлі-жарым көлік құралы техникалық регламент талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, ол сәйкестікке келтірілуі және талаптардың орындалуына қайта тексеру жүргізу үшін СЗ-ға ұсынылуы мүмкін. Айналымға шығарылатын бірлі-жарым көлік құралдары 4-экологиялық санаттан төмен болмауы тиіс екенін атап өту маңызды. Бұдан басқа, М және N санаттарындағы айналымға шығарылатын көлік құралдары «ЭРА ГЛОНАСС» шұғыл қызметтерді шақыру жүйесімен немесе құрылғысымен жабдықталуы тиіс. БҰҰ № 94 және 95 ережелерінің қолданылу аясына кіретін M1 санатындағы көлік құралдары және БҰҰ № 95 ережелерінің қолданылу аясына кіретін N1 санатындағы көлік құралдары шұғыл жедел қызметтерді шақыру жүйесімен, айналысқа шығарылатын M1 және N1 санаттарындағы өзге де көлік құралдары, M2, M3, N2, N3 санаттарындағы көлік құралдары шұғыл жедел қызметтерді шақыру құрылғысымен жарақталады. КО ТР 018/2011 талаптарына сәйкестігін куәландыратын құжаттар өзінің тіркеу нөмірінің құрылымында Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағында олардың жарамдылығын растайтын бірыңғай белгіге, сондай-ақ олар ресімделген мемлекеттің айырым белгісіне ие. Кеден одағына мүше мемлекеттердің бірінде 018/2011 КО ТР белгіленген тәртіппен жүргізілген өнімнің сәйкестігін бағалау нәтижелері бойынша ресімделген құжаттар, Кеден одағына мүше - барлық мемлекеттерде қолданылады. Толық ақпаратты Сіздер, Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінен ала аласыздар. Біздің мекен-жайымыз: Алматы қаласы, Жандосов көшесі, 2 үй. 3 қабат. Байланыс телефоны: 8 (727) 392-15-03, 392-25-37. Электрондық адрес: Е-mail: ktrm_almaty@mail.ru.
Алматы қаласының мемлекеттік бақылау жөніндегі Бас мемлекеттік инспекторының орынбасары Құралбек Балтабекұлы Қызғарин
Требования к единичным транспортным средствам перед их выпуском в обращение
Решением Комиссии Таможенного союза от 09.12.2011г. № 877 утвержден Технический регламент Таможенного Союза «О безопасности колесных транспортных средств» (ТР ТС 018/2011), который вступил в силу с 1 января 2015 года. К объектам технического регулирования, на которые распространяется действие настоящего технического регламента, относятся: колесные транспортные средства категорий L, M, N и О, предназначенные для эксплуатации на автомобильных дорогах общего пользования, а также шасси; компоненты транспортных средств, оказывающие влияние на безопасность транспортных средств. Документом, удостоверяющим соответствие требованиям ТР ТС 018/2011 при выпуске в обращение, для единичных транспортных средств является свидетельство о безопасности конструкции транспортного средства (СБКТС). Проверка выполнения требований к единичным транспортным средствам перед их выпуском в обращение осуществляется аккредитованной испытательной лабораторией (ИЛ), включенной в Единый реестр органов по сертификации и испытательных лабораторий (центров) Таможенного союза, после идентификации каждого транспортного средства в формах технической экспертизы конструкции, проведения необходимых испытаний и измерений. Проверке подвергаются только комплектные транспортные средства. ИЛ проводит осмотр транспортного средства с целью идентификации, в том числе, по идентификационному номеру, техническую экспертизу конструкции транспортного средства, в том числе, необходимые испытания и измерения, и по их результатам оформляет протокол. При идентификации ИЛ проводится осмотр транспортного средства: проверяется совпадения марки, типа, категории, идентификационного номера и года выпуска (модельного года), а также соответствие транспортного средства представленной документации, в том числе, доказательственным материалам: протоколам испытаний, сообщениям об официальном утверждении типа, удостоверяющим соответствие транспортного средства требованиям Правил ООН. По результатам составляется акт осмотра. В отношении требований ТР ТС 018/2011, выполнение которых невозможно подтвердить в рамках технической экспертизы конструкции, проводятся испытания (измерения). По результатам проверки оформляется протокол технической экспертизы конструкции транспортного средства. Если единичное транспортное средство относится к типу, на который действует одобрение типа транспортного средства, то свидетельство о безопасности конструкции транспортного средства оформляется на основании указанного одобрения типа транспортного средства. По результатам изучения всех необходимых доказательственных материалов ИЛ оформляет и выдает заявителю СБКТС, в которое при необходимости заносятся отметки об ограничении применения транспортного средства. СБКТС оформляется на единичное транспортное средства ввозимое на единую таможенную территорию Таможенного союза физическим лицом для собственных нужд или ранее участвовавшее в дорожном движении в государствах, не являющихся членами Таможенного союза, при условии, что с момента изготовления транспортного средства прошло более трех лет. В случае несоответствия единичного транспортного средства требованиям технического регламента оно может быть приведено в соответствие и представлено в ИЛ для повторного проведения проверки выполнения требований. Важно отметить, что выпускаемые в обращение единичные транспортные средства должны быть не ниже экологического класса 4. Кроме того, выпускаемые в обращение транспортные средства категорий М и N должны быть оборудованы системой или устройством вызова экстренных служб «ЭРА ГЛОНАСС». Транспортные средства категории M1, входящие в область применения Правил ООН № 94 и 95, и категории N1, входящие в область применения Правил ООН № 95, оснащаются системой вызова экстренных оперативных служб, прочие выпускаемые в обращение транспортные средства категорий M1 и N1, транспортные средства категорий M2, M3, N2, N3 оснащаются устройством вызова экстренных оперативных служб. Документы, удостоверяющие соответствие требованиям ТР ТС 018/2011, в структуре своего регистрационного номера имеют единое обозначение, подтверждающее их действительность на единой таможенной территории Таможенного союза, а также отличительное обозначение государства, в котором они были оформлены. Документы, оформленные по результатам оценки соответствия продукции, проведенной в установленном ТР ТС 018/2011 порядке в одном из государств - членов Таможенного союза, действуют во всех государствах - членах Таможенного союза. Более подробную информацию, Вы можете получить в Департаменте Комитета технического регулирования и метрологии Министерства торговли и интеграции Республики Казахстан по г.Алматы. Наш адрес: г.Алматы, ул.Жандосова, 2, 3 этаж. Телефоны: 8 (727) 392-15-03, 392-25-37. Е-mail: ktrm_almaty@mail.ru.
Заместитель Главного государственного инспектора города Алматы по государственному контролю Кызгарин Куралбек Балтабекович
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |