Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 214 бұйрығына 2-қосымша
Осы редакция 2021 жылғы 31 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Көмірсутектер мен уранды өндіру бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарды жасасу (қол қою)» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Көмірсутектер мен уранды өндіру бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарды жасасу (қол қою)» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Көмірсутектер мен уранды өндіру бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарды жасасу (қол қою)» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) тәртібін айқындайды. 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) мемлекеттік көрсетілетін қызмет - көрсетілетін қызметті алушылардың өтініш жасауы бойынша немесе өтініш жасауынсыз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі; 2) көрсетілетін қызметті алушы - орталық мемлекеттік органдарды, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерін, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарын, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін қоспағанда, жеке және заңды тұлғалар; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|