Кеден және салық заңнамасындағы өзгерістері бойынша шолу хаты
Облыстар және Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары бойынша Мемлекеттік кірістер департаменттеріне
Кеден және салық заңнамасындағы өзгерістері бойынша шолу хаты
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кедендік реттеу және кәсіпкерлік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 407-VI ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңына 2021 жылғы 5 қаңтарында (бұдан әрі - Заң) қол қойылғанға байланысты кеден және салық заңнамасындағы басты өзгерістері бойынша шолу хатын жолдайды. Кеден заңнамасындағы өзгерістер бойынша Кедендік тексерулер Кеден кодексінің 416-бабына қосымша 6-1, 11 және 12-тармақтары енгізілді 6-1-тармақпен толықтыру бойынша түзету тексерілетін тұлғаның орналасқан жері бойынша кеден органына таратуға арналған құжаттардың берілуіне байланысты кедендік тексеру жүргізу туралы өтініш беруін көздейді. Осы түзету өтінішті алғаннан кейін он жұмыс күнінен кешіктірмей таратылатын тексерілетін тұлғаға қатысты кедендік тексеруді жүргізуге мүмкіндік береді. 11-тармақпен толықтыру бойынша түзету Кеден кодексінің 416, 417, 418 және 419-баптарында көзделген тексеру құжаттарын тексерілетін тұлғаға қолма-қол, пошта арқылы тапсырыс хатпен және электрондық тәсілмен тапсырудың жалпы тәртібін белгілейді. 2021 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі 12-қосымша тармақ кедендік тексеру актісінен үзіндіні және кедендік тексеру нәтижелері бойынша хабарламаны кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын, өсімпұлдарды, пайыздарды төлеу бойынша ортақ міндеті туындайтын кеден өкіліне жіберуді көздейді. Бұл түзету кеден өкіліне кедендік төлемдер мен салықтар бойынша берешекті өндіріп алу жөнінде шаралар қабылданғанға дейін өз құқықтары мен мүдделерін қорғауға мүмкіндік береді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|