Қазақстан Республикасының аумағынан басты пиязды әкетудің кейбір мәселелері туралы
Осы бұйрықтың 5-тармағына сәйкес 2023 ж. 28 сәуірді қоса есептегенде қолданыста болды
«Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 2-тармағына және 18-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қазақстан Республикасының аумағынан 20 000 (жиырма мың) тонна басты пиязды (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының коды 0703: 070310) үшінші елдерге және Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне әкетуге 2023 жылғы 28 сәуірді қоса есептегендегі мерзімге сандық шектеулер (квоталар) енгізілсін. 2. Қоса беріліп отырған Сандық шектеулерді (квоталарды) бөлу қағидалары бекітілсін. 3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Аграрлық азық-түлік нарықтары және ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін. 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2023 жылғы 28 сәуірді қоса есептегенде қолданыста болады.
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі 2023 жылғы 7 сәуірдегі № 129 бұйрығымен бекітілген
Сандық шектеулерді (квоталарды) бөлу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|