Осы редакция 2020 жылғы 7 сәуірге енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 30 қазандағы № 7-1/559 бұйрығына 1-қосымша
Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау туралы ереже
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2019.24.01. № 26 бұйрығымен 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау туралы ереже (бұдан әрi - Ереже) «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі-Заң) 14-бабының 4-тармағына сәйкес әзiрлендi және Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру жөнiндегi негiзгi мәселелердi регламенттейдi. ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015.25.02. № 7-1/136 бұйрығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2. Ережеде мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады: 1) ветеринария саласындағы уәкілетті органның ведомствосы (бұдан әрі - ведомство) - ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті; 2) автомобиль өткізу пункттеріндегі уәкілетті орган - зертханалық бақылауды қоспағанда, Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс органдары; 3) ведомствоның аумақтық бөлімшелері - тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде орналасқан ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық бөлімшелері (облыс, аудан, облыстық немесе республикалық маңызы бар қала, астана). 3. Мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылаудың және қадағалаудың негiзгi мақсаттары: 1) жануарлардың жұқпалы ауруларының, оның iшiнде жануарлар мен адамға ортақ аурулардың алдын алу; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|