|
Орман қоры жерлерінің жекелеген учаскелерін басқа санаттағы жерлерге ауыстыру туралы
Қазақстан Республикасы Жер кодексiнің 130-бабына және Қазақстан Республикасы Орман кодексiнің 51-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қызылорда облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Қазалы орман және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемесі», «Қармақшы орман және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемесі», «Сырдария орман және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемесі», «Қызылорда орман және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемесі» және «Шиелі орман және жануарлар дүниесін қорғау мемлекеттік мекемесі» коммуналдық мемлекеттік мекемелерінің (бұдан әрі - мекемелер) жалпы ауданы 51,3574 гектар жер учаскелері орман қоры жерлері санатынан өнеркәсiп, көлiк, байланыс жерлері, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік, ядролық қауіпсіздік аймағы мұқтажына арналған және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер санатына ауыстырылсын. 2. Қызылорда облысының әкімі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскелерiнің магистралдық құбыржол салу үшін «Бейнеу-Шымкент газ құбыры» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (бұдан әрі - серіктестік) берілуін қамтамасыз етсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|