|
|
|
Солтүстік Қазақстан облысының аумағында Құрбан айт мейрамын мерекелеу кезінде карантиндік шектеу шаралары туралы Солтүстік Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 16 шілдедегі № 17 Қаулысы
2021 жылғы 23 шілдеге дейін әрекет етті
Қазақстан Республикасының тұрғындары арасында COVID-19 (бұдан әрі - COVID-19) коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 104-бабы 1-тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жанындағы коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі өңірлік комиссия отырысының 2021 жылғы 12 шілдедегі хаттамасын, Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 67-АӘКД «Қазақстан Республикасы халқының арасында коронавирустық инфекциямен аурудың алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» қаулысын, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 68-АӘКД қаулысын басшылыққа ала отырып, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Аудандар мен Петропавл қ. әкімдері, Солтүстік Қазақстан облысының Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Дін істері басқармасы, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚМДБ-ның бас имамы, меншік нысанына қарамастан кәсіпкерлік субъектілері, Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары 2021 жылдың 20 шілдесінен 22 шілдесіне дейін Құрбан айт мерекесі кезінде: 1) меншік нысанына қарамастан барлық ұйымдарда, сондай-ақ жеке үй шаруашылықтары мен мешіттерде адамдардың жаппай жиналуымен іс-шаралар өткізуге тыйым салынсын; 2) союды ұйымдастыруға және өткізуге, облыста көліктен мал сатуға және жеке үй шаруашылықтарында мал сатуға тыйым салынсын; 3) Qurban2021.kz сайтына өтініштер жіберу арқылы мал сою орындарын анықтасын және онлайн режимінде Құрбандық шалу рәсімдерін ұйымдастырсын; 4) малды сою ветеринариялық анықтама болған жағдайда жабық режимде, тек тапсырыс және жеткізілім бойынша, келушілерсіз жүзеге асырылсын; 5) тартылатын адамдарды жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз ете отырып, мұқтаж адамдарға тез бұзылатын өнімді (құрбандыққа шалынатын малдың етін) тасымалдау мен сақтаудың санитариялық-эпидемиологиялық ережелерінің талаптарын сақтауды қамтамасыз етсін. 2. ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Аумақтық инспекциясы 2021ж. 18.07-ден 2021ж. 22.07. дейін 1) Солтүстік Қазақстан облысының аумағында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды күшейтсін, оның ішінде мал союмен айналысатын кәсіпкерлік субъектілері басшыларының қаулының тармақтарын орындауын бақыласын. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудандар мен Петропавл қ. әкімдеріне, ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Аумақтық инспекциясына жүктелсін. 4. Осы қаулы 2021 жылғы 18 шілдедегі сағат 00.00-ден бастап күшіне енеді және 2021 жылғы 23 шілдеге дейін әрекет етеді.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |