Солтүстік Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Солтүстік Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 6 қазандағы № 22 Қаулысы
Қазақстан Республикасының тұрғындары арасында COVID-19 (бұдан әрі - COVID-19) коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 104-бабы 1-тармақшасына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің жанындағы коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі өңірлік комиссия отырысының 2021 жылғы 5 қазандағы хаттамасын, «Қазақстан Республикасының тұрғындары арасында коронавирустық инфекцияның алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі № 38 қаулысы, «Шектеу карантиндік шаралар және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 42 қаулысы, «Ashyq» жобасын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 24 қыркүйектегі № 44 қаулысын басшылыққа ала отырып, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Солтүстік Қазақстан облысының аумағында карантиндік шектеу іс-шаралары туралы» Солтүстік Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 27 қыркүйектегі № 21 қаулысында:
1) Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Әлеуметтік-экономикалық объектілердің жұмысын шектеу критерийлерінің 1-қосымшасы жаңа редакцияда жазылсын;
2) 3-тармақтың 15) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«15) «Ashyq» жобасына қатысатын кәсіпкерлік объектілерін қоспағанда, осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес критерийлер негізінде, «Ashyq» жобасына қатысатын объектілер Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 24 қыркүйектегі № 44 «қызыл» аймақ бойынша «Ashyq» жобасын іске асыру туралы» қаулысына 4-қосымшаға сәйкес қолданылады, сондай-ақ «қызыл» аймақтағы қызметкерлер мен келушілер үшін қауіпсіз «жасыл мәртебесі» бар «Ashyq» жобасына қатысатын әлеуметтік-экономикалық объектілер қызметінің критерийлері Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына 5-қосымшаға сәйкес, Қазақстан Республикасы 2021 жылғы 24 қыркүйектегі № 44 «жасыл» мәртебесі болған жағдайда жұмыс режиміне шектеусіз «Ashyq «жобасын іске асыру туралы» (вакцинация, теріс нәтижесі бар ПТР тесті сынама алынған сәттен бастап 7 күннен көп емес, тұрақты медициналық қарсы көрсеткіштері бар тұлғалар, соңғы 3 ай ішінде ауырғандар) әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеуді қамтамасыз етсін;
2. Ішкі саясат басқармасы:
1) осы қаулыны бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын (таратсын);
2) 2 күн ішінде БАҚ пен әлеуметтік желілер арқылы қабылданған қосымша шаралар туралы халықты жаппай ақпараттандырсын;
3) өзгеріп отырған жағдайды ескере отырып, БАҚ жұмысын бірыңғай үйлестіруді және орталықтандыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы қаулы 2021 жылғы 9 қазаннан бастап күшіне енеді.
Солтүстік Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері | Ә. Жұматаев |
Солтүстік Қазақстан облысының
Бас мемлекеттік санитариялық
дәрігерінің
2021 жылғы 6 қазандағы
№ 22 қаулысына
қосымша
Солтүстік Қазақстан облысының
Бас мемлекеттік санитариялық
дәрігерінің
2021 жылғы 27 қыркүйектегі
№ 21 қаулысына
1-қосымша
Әлеуметтік-экономикалық объектілердің жұмысын шектеу критерийлері
№ | Объектілер/салалар | «Қызыл» аймақ |
1. | Өнеркәсіп | Рұқсат беріледі |
2. | Құрылыс (үй-жайларда байланыс болмаған жағдайда) | Рұқсат беріледі |
3. | Егіншілік пен балық шаруашылығы, мал шаруашылығы | Рұқсат беріледі |
4. | Байланыссыз қызметтер (көлік жуу, автокөлік, тұрмыстық техника, сағаттар, телефондар, компьютерлер, аяқ киім жөндеу, тігін ательелері, кір жуатын орындар, химиялық тазалау, кілттер жасау, тұрмыстық үй принципі бойынша қызмет көрсету және т.б.) | Рұқсат беріледі |
5. | Туристік компаниялар, бизнес орталықтар (сақтандыру компаниялары, адвокат, нотариус, бухгалтерлік және консультациялық қызметтер, жылжымайтын мүлік агенттіктері, жарнама агенттіктері, сот орындаушылары, айырбастау пункттері, ломбардтар және т.б.) | Рұқсат беріледі |
6. | Гүл дүкендері, фотосалондар | Рұқсат беріледі |
7. | Медицина ұйымдары, дәріханалар | Рұқсат беріледі |
8. | Мұражайлар, кітапханалар | Рұқсат беріледі |
9. | Азық-түлік тауарларының сауда объектілері | Рұқсат беріледі |
10. | 2000 ш.м. дейін алаңы бар, азық-түлік емес тауарларының сауда объектілері | Рұқсат беріледі |
11. | Балаларды түзету бөлмелері, балалар мен ересектерге арналған білім беру орталықтары | Рұқсат беріледі 15 адамнан аспайтын топ жиналған кезде, алдын ала жазылу бойынша |
12. | Сұлулық орталықтары мен салондары, шаштараздар, маникюр және педикюр қызметтері, косметологиялық қызметтер (алдын ала жазылу бойынша) | Рұқсат беріледі алдын ала жазылу бойынша |
13. | Халыққа тұрғын үй қызметтерін ұсыну саласындағы ұйымдар (қонақ үйлер, отельдер, санаторлық-курорттық ұйымдар, демалыс үйлер / орталықтары, туристік орталықтар және т.б.) | Рұқсат беріледі толымдығы 80% аспаған жағдайда |
14. | Ашық базарлар (азық-түлік, азық-түлік емес) | Рұқсат беріледі |
15. | Жабық базарлар (азық-түлік, азық-түлік емес) | Рұқсат беріледі сенбі-жексенбі күндері жұмыстарды тоқтата отырып |
16. | Медициналық орталықтар, кабинеттер, стоматология (алдын ала жазылу бойынша) | Рұқсат беріледі алдын ала жазылу бойынша |
17. | Қоғамдық көлік | Рұқсат беріледі (қарбалас уақытта автобустар санының артуы, барлық есіктердің ашылуы, отыру орындарының саны бойынша толтырылуы) |
18. | Банктер, ХҚКО, «Қазпошта» АҚ бөлімшелері | Рұқсат беріледі |
19. | Мектепке дейінгі мекемелер | Рұқсат беріледі топтарды қосып іс-шаралар жүргізуге тыйым салынады |
20. | Ұйымдар, офистер | Рұқсат беріледі 80% - қашықтан режимі; 20% - күндізгі режим. Қызметкерлері COVID-19-қа қарсы вакцинациялау жасаған ұйымдар, кеңселер, қашықтықтан және толық жұмыс күнінде жұмыс істейтін қызметкерлердің пайыздық мөлшерлемесіне қойылатын талаптарды ескермей, іс-шаралар жүргізеді. Сонымен бірге, COVID-19-ға қарсы вакцинацияның толық курсын алған және соңғы 3 айда COVID-19-дан айыққан барлық қызметкерлерге толық жұмыс күнінде рұқсат етіледі. |
21. | Діни объектілер | Рұқсат беріледі жабық жерлерде ұжымдық іс-шаралар өткізбестен |
22. | Мейрамхана, дәмхана және кофейня типі бойынша қоғамдық тамақтану объектілері (үй-жайларда) | Рұқсат беріледі 9-дан 20.00 сағатқа дейін жұмыс істеуге, толымдығы 50% дейін, бірақ 30 орыннан аспайды |
23. | Асхана типі бойынша қоғамдық тамақтану объектілері | 9-дан 24.00 сағатқа дейін жұмыс істеуге рұқсат беріледі |
24. | Стрит-фудтар (бос тұрған шатыр / дүкеншік/ дүңгіршек / отыратын орын жоқ дүңгіршек) | Рұқсат беріледі |
25. | Моншалар, сауналар | Рұқсат беріледі қоғамдық монша мен саунаның қызметіне. Жеке кабиналары жоқ, жалпы залы бар қоғамдық моншаларды қоспағанда, сенбі мен жексенбіде қоғамдық моншалар, сауналар қызметін тоқтата тұруды қамтамасыз ету |
26. | СПА-орталықтар, бассейндер | Сенбі, жексенбіден басқа күндері рұқсат етілген |
27. | Облысаралық тұрақты автобустардың (шағын автобустардың) қозғалысы | Тыйым салу |
28. | Спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары және фитнес орталықтары | Сенбі, жексенбіден басқа күндері рұқсат етілген |
29. | СОСО, сауда үйлері, 2000 ш.м. асатын алаңы бар, азық-түлік емес тауарларының сауда объектілері | Сенбі және жексенбіде жұмысты тоқтата отырып, жұмыс күнінің қалыпты жұмысына рұқсат етіледі (объект ішінде азық-түлік сататын дүкендерде, дәріханаларда орналасқандарын қоспағанда) |
30. | Мәдени нысандар (дайындық) | Тыйым салу |
31. | Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары | Тыйым салу |
32. | Облысаралық тұрақты емес (туристік) тасымалдау | Тыйым салу |
33. | Қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдау | Тыйым салу |
34. | Бильярд орындары | Тыйым салу |
35. | Компьютер клубтары | Тыйым салу |
36. | Боулинг | Тыйым салу |
37. | Балаларға арналған ойын-сауық орталықтары (ойын алаңдары, жабық үй-жайлардағы аттракциондар), аквапарк | Тыйым салу |
38. | Көрермендермен спорттық іс-шаралар өткізу | Тыйым салу |
39. | Еске алу шараларын өткізу | Тыйым салу |
40. | Банкет залдары | Тыйым салу |
41. | Түнгі клубтар, караоке | Тыйым салу |
42. | Конференциялар, форумдар, әсерлі, салтанатты, еске алу, отбасылық іс-шаралар (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар), соның ішінде үйде және басқа да көп адамдар жиналатын шаралар | Тыйым салу |
43. | Көрмелер | Тыйым салу |
44. | Лотерей клубтары, букмекерлік кеңселер | Тыйым салу |
45. | Мерекелік корпоративтер | Тыйым салу |