Шығарылған елі бойынша акциздер салуға жатқызылатын импортталатын тауарлардың қосымша тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 207 Қаулысы (2022.28.04. берілген өзгерістермен)
2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасы Кодексінің 462-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қоса беріліп отырған Шығарылған елі бойынша акциздер салуға жатқызылатын импортталатын тауарлардың қосымша тізбесін айқындау қағидалары бекітілсін. 2. «Шығарылған елі бойынша акциздер салуға жатқызылатын импортталатын тауарлардың қосымша тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 мамырдағы№ 507 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 34, 324-құжат) күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі.
Үкіметінің 2018 жылғы 20 сәуірдегі № 207 қаулысымен бекітілген
Шығарылған елі бойынша акциздер салуға жатқызылатын импортталатын тауарлардың қосымша тізбесін айқындау қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Шығарылған елі бойынша акциздер салуға жатқызылатын импортталатын тауарлардың қосымша тізбесін айқындау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасы Кодексінің 462-бабына сәйкес әзірленді және шығарылған елі бойынша акциздер салуға жатқызылатын импортталатын тауарлардың қосымша тізбесін айқындау тәртібін белгілейді. 2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - сауда қызметi саласында сауда саясатын қалыптастыратын және басшылықты, сондай-ақ салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|