Қарағанды облысының
Бас мемлекеттік
санитариялық дәрігерінің
орынбасарының
2022 жылғы 16 наурыздағы
№ 8-Қ қаулысының
4 қосымшасы
Мемлекеттік органдарға (ұйымдарға), ұлттық компанияларға, бизнес-орталықтарына және
басқа да кеңселерге қойылатын талаптар
1. Келушілер үшін жұмыс орындары мен үй-жайларды үнемі желдетіп отыру қажет.
2. Объектінің үй-жайларына маскасыз кіруге жол берілмейді. 5 жасқа дейінгі балаларды қоспағанда, келушілердің ғимаратта міндетті түрде бетперде киіп жүруі қамтамасыз етіледі.
3. Кіреберісте, холлдарда, санитариялық тораптарда тері антисептигі бар санитайзерлер орнатылады.
4. Органның (ұйымның) әкімшілігі мыналарды қамтамасыз етеді:
1) санитариялық тораптар жеке гигиена құралдарымен (сұйық сабын, антисептиктер);
2) маскаларды жұмыс күні ішінде оларды уақтылы ауыстыру шартымен пайдалану;
3) антисептиктермен жұмыс орындарын;
5. Қызметкерлер арасында жеке/өндірістік гигиена қағидаларын сақтау және олардың мүлтіксіз сақталуын бақылау қажеттілігі туралы нұсқама жүргізу.
6. Объектілердің аумағы және барлық үй-жайлар таза ұсталады, күн сайын қоқыс пен кірден тазартылады.
7. Барлық үй-жайларды жинау жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, күн сайын ылғалды тәсілмен және желдетумен жүргізіледі.
8. Дезинфекциялау жүргізу үшін Қазақстан Республикасы мен Еуразиялық экономикалық одақтың аумағында тіркелген және белгіленген тәртіппен қолдануға рұқсат етілген және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерінің бірыңғай тізіліміне енгізілген құралдар қолданылады.
9. Дезинфекциялау құралдары вирустық инфекциялар кезінде дезинфекциялау режимі көрсетілген оларға қоса берілетін нұсқаулықтарды қатаң сақтаған кезде қолданылады.
10. Дезинфекциялау құралдарының жұмыс ерітінділерін дайындау арнайы бөлінген орында жүзеге асырылады. Дезинфекциялау құралдары өнім берушінің ыдысында (қаптамасында) заттың атауы, оның мақсаты, заттаңбадағы жарамдылық мерзімі көрсетіле отырып сақталады. Ыдыстың заттаңбасы дезинфекциялау құралын сақтаудың (пайдаланудың) барлық кезеңінде сақталады.
11. Техникалық персонал (тазалаушы әйелдер) дезинфекциялауды жеке қорғаныш құралдарын: халат, қолғап, медициналық масканы пайдалана отырып жүргізеді.
12. Денсаулық жағдайы бойынша қарсы көрсетілімдері жоқ кәмелетке толған адамдар дезинфекциялық құралдармен жұмыс істейді.
Қарағанды облысының
Бас мемлекеттік
санитариялық дәрігерінің
орынбасарының
2022 жылғы 16 наурыздағы
№ 8-Қ қаулысының
5 қосымшасы
Медицина қызметкерлерінің COVID-19-ды жұқтыруын болдырмау
мақсатында денсаулық сақтау ұйымдарын аймаққа бөлу және жұмыс режимі
1-бөлім. Инфекциялық стационарларды аймаққа бөлу және жұмыс режимі
І. Инфекциялық стационарларда инфекциялық қауіптілікті ескере отырып, «лас» және «таза» аймақтарға бөлу:
1. Инфекциялық стационарларда стационарды «таза» және «лас» аймақтарға қатаң бөлуді қамтамасыз ету қажет.
2. «Таза» аймаққа мыналар жатады:
1) медицина қызметкерлеріне арналған кіру тобы, сыртқы киімге арналған гардероб, кіретін жерде «лас» аймаққа дейінгі және шығатын жерде «лас» аймақтан кейінгі санитариялық өткізгіш, осы блоктардағы қосалқы үй-жайлар:
2) ординатор, мейіргер, бөлімше меңгерушісі кабинеттері, аға мейіргер, шаруашылық бикелері және басқа да персонал кабинеттері, санитариялық торап, олардың шаруашылық үй-жайлары. Бұл ретте оларға кіретін жер жеке қорғаныш құралдарын (бұдан әрі - ЖҚҚ) шешуге арналған шлюз және душ арқылы болуы тиіс;
3) әкімшілік кабинеттері және басқа да әкімшілік үй-жайлар;
4) көшеден кіретін жері бар және «лас» аймақтың ішінде шығатын жер жоқ техникалық үй-жайлар;
3. «Лас» аймаққа осы қосымшаның 2-тармағында көрсетілгендерді қоспағанда, стационардың қалған барлық үй-жайлары жатады.
4. Санөткізгіштерді 2 ағымға бөле отырып пайдалануды қамтамасыз ету қажет:
1) ауысымға кіретін жерде «таза» аймақтан «лас» аймаққа;
2) ауысымнан шығатын жерде «лас» аймақтан «таза» аймаққа қамтамасыз ету қажет;
3) бұл ретте ағымдар қиылыспауы тиіс;
4) «таза» аймақтың құрамында шешінетін бөлме, ЖҚҚ беретін бөлме, сан. торап болуы тиіс;
5) «лас» аймақта ЖҚҚ-ны шешу бөлмесі, ЖҚҚ жинау бөлмесі, душ кабиналары және сан. тораптардың жеткілікті саны болуы тиіс.
5. Бөлімшенің «лас» аймағынан персоналдың демалу және жұмыс істеу (құжаттармен, компьютермен жұмыс істеу) үй-жайларын алып тастау қажет.
6. Медициналық ақпараттық жүйелердегі жұмыс, кәсіби мәселелерді талқылау, құжаттармен жұмыс істеу, демалу, тамақтану және сусындар ішу және т.б. тек осы қосымшаға 2-тармақта көрсетілген «таза» үй-жайларда ғана жүргізіледі.
Аталған «таза» үй-жайлар бөлімшенің ішінде немесе оларға тікелей жақын жерде болуы тиіс.
7. Пациенттердің, сондай-ақ персоналдың пайдаланылған ЖҚҚ-мен таза аймақтың үй-жайларына кіруіне және онда болуына үзілді-кесілді тыйым салынады.
8. Персонал «таза» және «лас» аймақтар арасында орын ауыстыру санын ескере отырып, стационарда ЖҚҚ мен дезинфекциялау құралдарының жеткілікті санымен қамтамасыз етілуі тиіс.
9. Лас аймақтағы персонал 3 сағаттан артық емес үздіксіз жұмыс істеуі тиіс, кейіннен таза аймаққа шығу және қажет болған жағдайда жұмыс ауысымы ішінде лас аймаққа қайта кіреді. Осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес ЖҚҚ пайдаланылады.
10. Әкімшілік, техникалық және қосалқы персонал ЖҚҚ-сыз «лас» аймақтарға жіберілмейді.
11. Тікелей бөлімшеде «таза» және «лас» аймақтарды құру мүмкіндігі болмаған жағдайда мынадай нұсқаға жол беріледі:
1) инфекциялық стационарда бір бөлімшені персоналға арналған «таза» аймақ ретінде қайта бейіндеу;
2) «таза» аймаққа кіреберісте «таза» және «лас» ағымдарға бөле отырып, санитариялық өткізгіш ұйымдастырылады:
3) қабылдау бөлімшесін қоса алғанда, әртүрлі бөлімшелердің персоналы арасындағы байланысты азайту мақсатында медицина қызметкерлері «таза» аймақта кесте бойынша болады; бұл ретте «таза» аймақтың үй-жайларын бекіту бөлімшелер арасында бөлінеді;
4) «лас» аймақтың бөлімшелерінде персоналға арналған үй-жай пациенттер палатасы ретінде қайта бейінделеді.
12. «Лас» аймақтар жұмыс ауысымы кезеңінде медицина қызметкерлері үшін ішкі байланыспен (рация, ішкі телефон) қамтамасыз етілуі тиіс.
13. «Лас» аймақта мобильді телефондарды, қол сағаттарын, әшекейлерді және басқа да жеке заттарды пайдалануға жол берілмейді.
14. Инфекциялық стационарларда белгілерді және навигациялық көрсеткіштерді визуализациялау жүйесінің болуын қамтамасыз ету қажет. Бұл ретте тану белгілерімен «таза» және «лас» аймақтар ашық көрсетіледі.
15. Жұмыс ауысымы кезінде медицина қызметкерлерін тек «таза» аймақта тамақтандыруға жол беріледі.
16. Госпитальдық эпидемиолог (ол болмаған жағдайда денсаулық сақтау ұйымы басшысының бұйрығымен бекітілген жауапты адам) инфекциялық стационарда эпидемияға қарсы режимнің сақталуын бақылауды және инфекциялық қауіпсіздік техникасы бойынша стационар персоналына күнделікті нұсқама жүргізуді, практикалық сабақтар өткізу арқылы эпидемияға қарсы режимнің сақталуын қамтамасыз етеді.
II. COVID-19-бен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсетуге тартылған инфекциялық стационарлардың жұмыс режимі:
17. Стационарларда 3В принципін: бейнебақылауды, желдетуді және визуалдауды іске асыру қажет.
18. Денсаулық сақтау ұйымдарының медицина қызметкерлері респираторлық инфекция және пневмония белгілері бар әрбір пациентті әлеуетті инфекцияланған (инфекция көзі) ретінде қарауға және осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жеке қорғаныш құралдарын пайдалануға тиіс.
19. Әрбір ауысым басқа ауысымнан оқшаулануы тиіс.
20. Қашықтықтан консультация беру мүмкіндігі үшін медициналық ұйымдарда интернетке қолжетімділікті қамтамасыз ету қажет.
21. Ауруханадан шығарылғаннан кейін палаталардың/бокстардың толтырылу циклділігін, науқастарды қорытынды дезинфекциядан кейін емдеуге жатқызуды сақтау қажет.
22. COVID-19-ға күдікті науқастарға немесе адамдарға медициналық көмек көрсету және ошақтарда эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізу кезінде медицина персоналының инфекциялық қауіпсіздікті бұзу фактілері анықталған жағдайда (көрсетілетін медициналық көмек түрінде ЖҚҚ қорғау деңгейін пайдаланбау немесе сәйкес келмеуі) медицина қызметкеріне респираторлық симптомдардың болуына немесе температураның көтерілуіне 10 тәулік ішінде күнделікті бақылау белгіленеді. Респираторлық симптомдар пайда болғанда немесе температура көтерілгенде медицина қызметкері дереу оқшауланады және емделуге жіберіледі. 10 тәулік өткеннен кейін ауру белгілері болмаған жағдайда бақылау аяқталады.
23. Жеке қорғанудың барлық шаралары сақталған кезде науқасқа немесе COVID-19-ға күдікті адамдарға медициналық көмек көрсеткен медицина қызметкерлері өздерінің лауазымдық міндеттерін атқаруды жалғастырады.
24. Дезинфекциялық режимді қатаң сақтауды (қолды өңдеуге арналған санитайзерлерді орнату, беттерді күніне кемінде екі рет өңдеу, дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып ылғалды жинау, желдету және басқа эпидемияға қарсы және профилактикалық шаралар) қамтамасыз ету қажет.
25. Медициналық ұйымдар ЖҚҚ-ның, антисептиктердің, дезинфекциялау құралдарының қажетті мөлшерімен қамтамасыз етілуі тиіс.
26. Инфекциялық стационарлардың басшылары жұмыс істейтін басқа персоналда респираторлық симптомдар пайда болған кезде тартылуы мүмкін резервтік персоналдың тізімін жасауы тиіс.
27. Госпиталдық эпидемиолог (ол болмаған жағдайда денсаулық сақтау ұйымы басшысының бұйрығымен бекітілген жауапты адам) инфекциялық стационарда эпидемияға қарсы режимнің сақталуын бақылауды және инфекциялық қауіпсіздік техникасы бойынша стационар персоналына күнделікті нұсқама жүргізуді, практикалық сабақтар өткізу арқылы эпидемияға қарсы режимнің сақталуын қамтамасыз етеді.
28. Медициналық жоғары оқу орындары мен медициналық колледждердің медицина қызметкерлері мен студенттері медициналық ұйымдарда практика басталар алдында осы қаулыға 263-қосымшаға (түпнұсқаға сәйкес) сәйкес COVID-19-ға тестілеуден өтуге тиіс.
2-бөлім. Инфекциялық емес бейіндегі денсаулық сақтау ұйымдарын аймақтарға
бөлу және олардың жұмыс режимі
29. Пациенттің эпидемиологиялық мәртебесі белгіленгенге дейін шұғыл медициналық көмек көрсету қажет болған жағдайда медициналық көмек көрсетуге тартылған барлық персонал осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес ЖҚҚ-ны пайдаланады.
30. Барлық денсаулық сақтау ұйымдарында COVID-19-ды жоққа шығармайтын клиникалық белгілері бар пациент анықталған жағдайға оқшаулауға арналған бөлімшені немесе изоляторды көздеу қажет.
31. Персонал ЖҚҚ жеткілікті санымен қамтамасыз етілуі тиіс.
32. Персонал лас аймақта осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес ЖҚҚ-мен жұмыс істеуі тиіс.
33. Емдеуге жатқызуға түскен кезде адамдар осы қаулыға 26-қосымшаға сәйкес COVID-19-ға міндетті зертханалық тексеруге жатады.
34. Зертханалық тексеру нәтижелерін алғанға дейін пациенттер жеке палатада орналастырыла отырып, оларға қажетті медициналық көмектің көлемі көрсетіледі. Медицина қызметкерлері медициналық көмек көрсету кезінде осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес ЖҚҚ-ны пайдаланады.
35. Қызметкерлерді осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес ЖҚҚ-ның жеткілікті санымен қамтамасыз ету керек.
36. Медицина қызметкерлерінің стационар бөлімшелері бойынша қозғалысын шектеу қажет.
37. Пациенттердің бөлімшелер арасында (пациентті медициналық көрсеткіштер бойынша ауыстыру жағдайларын қоспағанда) жүріп-тұруына жол берілмейді. Пациенттер бөлімшеден немесе бөлімше ішінде шығуы қажет болған жағдайда маскаларды пайдалануға міндетті.
38. Палаталардың толтырылу циклділігін сақтау.
39. Барлық үй-жайларды үнемі желдетуді қамтамасыз ету.
40. Денсаулық сақтау ұйымдарының медицина қызметкерлері респираторлық инфекция және пневмония белгілері бар әрбір пациентті COVID-19-ды ықтимал жұқтырғандар (инфекция көзі) ретінде қарауы тиіс.
41. Респираторлық симптомдар пайда болған немесе температура көтерілген кезде медицина қызметкері немесе медициналық ұйымның кез келген басқа қызметкері медициналық ұйымның басшысын хабардар етеді, тез арада оқшауланады, COVID-19-ға зертханалық тексеруден өтеді. Оң нәтиже болған жағдайда емдеуге жіберіледі, теріс нәтиже болған жағдайда респираторлық инфекцияның клиникалық белгілері болмаған кезде жұмысқа жіберіледі.
42. Госпиталдық эпидемиолог (ол болмаған жағдайда денсаулық сақтау ұйымы басшысының бұйрығымен бекітілген жауапты адам) медициналық ұйымда эпидемияға қарсы режимнің сақталуын бақылауды және инфекциялық қауіпсіздік техникасы бойынша стационар персоналына күнделікті нұсқама жүргізуді, практикалық сабақтар өткізу арқылы эпидемияға қарсы режимнің сақталуын қамтамасыз етеді.
3-бөлім. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек
ұйымдарын аймақтарға бөлу және жұмыс тәртібі
Барлық МСАК ұйымдарында «лас» және «таза» аймақтарға бөлуді қамтамасыз ету қажет.
43. «Лас» аймаққа мыналар жатады:
1) сүзгі;
2) изолятор.
44. «Таза» аймаққа МСАК-тың қалған барлық үй-жайлары жатады.
45. Персонал ЖҚҚ жеткілікті санымен қамтамасыз етілуі тиіс.
46. МСАК ұйымына кіреберісте сүзгінің орналасқан орны туралы тиісті көрсеткіштер орнатылады.
47. COVID-19-ды жоққа шығармайтын белгілері бар адамдар изоляторға оқшауланады.
48. Дәрігер тексергеннен кейін пациент амбулаториялық емдеуге жіберіледі немесе инфекциялық стационарға жатқызылады.
Қарағанды облысының
Бас мемлекеттік
санитариялық дәрігерінің
орынбасарының
2022 жылғы 16 наурыздағы
№ 8-Қ қаулысының
6 қосымшасы
COVID-19 кезінде жеке қорғаныш құралдарын
пайдалану алгоритмі
Медицина қызметкерлері медициналық ұйымдарда өзін қорғау және COVID-19-дың берілуінің алдын алу үшін сақтық шараларын сақтауы қажет.
Медициналық ұйымдағы кез келген адам ықтимал жұқтырған немесе вирусты тасымалдаушы болып табылады және инфекция көзі болуы мүмкін деп болжай отырып, стандартты сақтық шараларын сақтауы қажет.
Медицина қызметкерлері пациентпен кез келген тікелей байланысқа дейін және одан кейін, ықтимал инфекциялық материалмен жанасудан және киіну алдында және жеке қорғаныш құралдарын (бұдан әрі - ЖҚҚ), оның ішінде қолғаптарды шешкеннен кейін қол гигиенасын сақтауы қажет.
Жеке қорғаныш құралдары (ЖҚҚ) - бұл оларды киетін адамды инфекция жұқтырудан қорғауға арналған арнайы түрде құрастырылған киім және жабдық (қорғаныш көзілдірігі, бет қалқаншалары, респираторлар).
ЖҚҚ жиынтыққа кіретін компоненттерге байланысты қызметкерді қорғаудың әртүрлі деңгейін қамтамасыз етеді. ЖҚҚ-ны жұқтыру қаупіне (мысалы, жұмыс немесе іс-әрекет түріне) және вирустың берілу механизміне (мысалы, байланыс, тамшы арқылы немесе аэрозольді) қарай пайдалану қажет.
ЖҚҚ жиынтығына байланысты қорғаудың үш деңгейіне бөлінеді (1-кесте).
1-кесте
Қорғау деңгейі | ЖҚҚ компоненттері |
1-қорғау (барынша аз) | Бір рет қолданылатын медициналық бас киім Тәуекел дәрежесіне байланысты респиратор (N95 немесе FFP3) немесе бір рет қолданылатын медициналық маска Бір рет қолданылатын тоқылмаған материалдан жасалған ұзын жеңді және арқасында байламы бар халат Нитрил/латекс қолғаптар |
2-қорғау (орташа) | Бір рет қолданылатын медициналық бас киім N95 немесе FFP3 респираторы Бір рет қолданылатын тоқылмаған материалдан жасалған ұзын жеңді және арқасында байламы бар халат немесе бір рет қолданылатын капюшоны бар қорғаныш комбинезоны Егер халат (комбинезон) сұйықтықтарға төзімді болмаса, алжапқыш қажет. Нитрил/латекс қолғаптар Қорғаныш көзілдірігі немесе бетке арналған қорғаныш қалқан Су өткізбейтін материалдан жасалған ауыстыратын жұмыс аяқ киімі |
3-қорғау (барынша жоғары) | Бір рет қолданылатын медициналық бас киім Тәуекел дәрежесіне байланысты ауаны мәжбүрлеп беретін сүзгі респиратор (PAPR) немесе N99, FFP3 типті респираторлар Бір рет қолданылатын капюшоны бар қорғаныш комбинезоны немесе жеңі ұзын және арқасында байламы бар тоқылмаған материалдан жасалған бір рет қолданылатын халат Егер халат (комбинезон) сұйықтықтарға төзімді болмаса, биологиялық сұйықтықтардың шашырауы қаупі кезінде алжапқыш қажет. Нитрил/латекс қолғаптар Қорғаныш көзілдірігі немесе бетке арналған қорғаныш қалқан Су өткізбейтін материалдан жасалған ауыстыратын жұмыс аяқ киімі |
№ 2-қорғау деңгейін қамтамасыз ететін ЖҚҚ жиынтығында респираторлар тамшы болған жағдайда медициналық маскаларды тағуға жол беріледі. Бұл жағдайда көзді қорғау үшін бет қалқаншалары қолданылады. Медициналық маскалар кемінде екі сағат сайын ауыстырылуы тиіс. Маскаларды ылғалдауға тыйым салынады.
Бірдей диагнозы бар бірнеше пациенттермен жұмыс істеген кезде респираторды шешпей, бір N95, FFP3 респираторын немесе FFP2, FFP3 стандарты бойынша киюге рұқсат етіледі. Бір респираторды 8 сағаттан астам уақыт бойы пайдалануға жол берілмейді.
Медицина қызметкерлері мен кіші медицина персоналы, техникалық персонал ЖҚҚ-ны дұрыс кию, шешу және кәдеге жарату техникасы бойынша нұсқамадан өтеді.
Әрбір медициналық ұйымда ЖҚҚ-ны пайдалануға бақылау жүргізетін жауапты адам тағайындалады.
COVID-19 науқастарын емдеуде қолданылатын ЖҚҚ-ның типі қызмет түріне байланысты болады (2-кесте).
2-кесте
COVID-19 инфекциясы кезінде жағдайларға,
персонал және қызмет түріне байланысты жеке қорғаныш құралдарын (ЖҚҚ) таңдау
жөніндегі ұсынымдар
Байланыста болу шарттары | Медицина персоналы немесе пациенттер | Қызмет түрі | Ұсынылатын ЖҚҚ түрі |
Амбулаториялық мекемелер |
Науқастарды медициналық ұйымдарда сұрыптау (емхана алдында немесе оған кіреберісте физикалық кедергілер орнату (мысалы, шыны немесе пластик терезелер) | Медицина қызметкерлері | Тікелей байланыссыз алдын ала скрининг | Кем дегенде 1 м қашықтықты сақтау. ЖҚҚ: қалауынша бір рет қолданылатын медициналық бас киім Медициналық маска Жұмыс киімі (медициналық халат немесе костюм) Ауысымды жұмыс аяқ киімі Физикалық кедергілер болмаған кезде бетке арналған қорғаныс көзілдірігін немесе қорғаныш қалқанын пайдалану қажет |
Пациенттер | Кез келген | 1 метрден кем емес қашықтықты сақтау. Пациентке медициналық маска беру, егер ол оны пайдалана алатын болса. |
Дәрігердің қабылдау бөлмесі (консультация беру кабинеті, «сүзгі» кабинеті) | Медицина қызметкерлері | Респираторлық белгілері бар және/немесе COVID-19 күдігі бар пациентті медициналық тексеру | Бір рет қолданылатын медициналық бас киім Медициналық маска немесе респиратор N95 немесе FFP3 Жұмыс киімі (медициналық костюм) Ұзын жеңді және арқасында байламы бар тоқылмаған материалдан жасалған бір рет қолданылатын халат Нитрил/латекс қолғаптар Қорғаныш көзілдірігі немесе бетке арналған қорғаныш қалқаны Су өткізбейтін материалдан жасалған ауысымды жұмыс аяқ киімі |
Дәрігердің қабылдау бөлмесі (консультация беру кабинеті) | Медицина қызметкерлері | Респираторлық белгілері жоқ және/немесе COVID-19 күдігі жоқ пациентті медициналық тексеру | ЖҚҚ: қалауынша медициналық бас киім бір рет қолданылатын Жұмыс киімі (медициналық халат немесе костюм) Қауіпті бағалауға сәйкес тексеру және/немесе медициналық манипуляция жүргізу кезінде нитрил/латекс қолғаптар Су өткізбейтін материалдан жасалған ауысымды жұмыс аяқ киімі |
| Кіші медицина персоналы | | ЖҚҚ: қалауынша медициналық бас киім бір рет қолданылатын Медициналық маска Жұмыс киімі (медициналық халат немесе костюм) Тығыз қолғап (шаруашылықта қолданатын резеңке) Бәтеңке немесе жабық жұмыс аяқ киімі * Сүзгі кабинетінде және пациентті сұрыптау аймағында жұмыс істеу кезінде бетке арналған қорғаныш көзілдірігін немесе қорғаныш қалқанын пайдалану қажет. Ұзын жеңді және байламы бар тоқылмаған материалдан жасалған бір реттік халат |
Әкімшілік үй-жайлар | Медициналық ұйымның қызметкерлері | Пациенттер болмайтын аймақ | Кемінде 1,5 м қашықтықты сақтау. Медициналық маска Медицина қызметкерлеріне арналған жұмыс киімі (медициналық халат немесе костюм) |
Үй ошағы | Медицина қызметкерлері | Пациентті медициналық тексеру | Бip рет қолданылатын медициналық бас киім (қалауынша) Медициналық маска немесе N95 немесе FFP3 респираторы Ұзын жеңді және арқасындағы байламы бар тоқылмаған материалдан жасалған бір рет қолданылатын халат Пациентті қарау кезінде нитрил/латекс қолғаптар Қорғаныш көзілдірігі немесе бетке арналған қорғаныш қалқаны Медицина қызметкерлері бір ошақта пациенттер немесе байланыста болған адамдар арасында қолғапты міндетті түрде ауыстырады, пәтерлер (үйлер) арасында бір реттік халатты міндетті түрде ауыстыру қажет |
| Медицина қызметкерлері | Байланыста болғандардан немесе науқастан ПТР-ға үлгіні іріктеу | Бір рет қолданылатын медициналық бас киім (қалауынша) Медициналық маска немесе N95 немесе FFP3 респираторы Ұзын жеңді және арқасындағы байламы бар тоқылмаған материалдан жасалған бір рет қолданылатын халат Нитрил/латекс қолғаптар Қорғаныш көзілдірігі немесе бетке арналған қорғаныш қалқаны * Медицина қызметкерлері бір ошақта пациенттер немесе байланыста болған адамдар арасында қолғапты міндетті түрде ауыстырады, пәтерлер (үйлер) арасында бір реттік халатты міндетті түрде ауыстыру қажет |
| Пациенттер | Медицина қызметкерінің қарап-тексеруі кезінде | Кемінде 1,5 метр қашықтықты сақтау. Медициналық маска, егер ол оны қолдана алса |
COVID-19-ға күдікті, ықтимал және расталған жағдайлары бар пациенттерді емдеуге жатқызуға арналған медициналық ұйымдар |
Пациент палатасы | Медицина қызметкерлері | COVID-19-ға күдікті немесе расталған науқастарға тікелей медициналық көмек көрсету. | Бір рет қолданылатын медициналық бас киім Респиратор N95 немесе FFP3 Бір рет қолданылатын тоқылмаған материалдан жасалған ұзын жеңді және арқасында байламдары бар халат Егер халат сұйықтықтардың шашырауына төзімді болмаса, алжапқыш қажет. Нитрил/латекс қолғаптар Қорғаныш көзілдірік немесе бетке арналған қорғаныш қалқан Су өткізбейтін материалдан жасалған ауысымды жұмыс аяқ киімі |
Медицина қызметкерлері | Аэрозольдердің пайда болуымен байланысты емшаралар үшін (мысалы, кеңірдектің интубациясы, инвазивті емес жасанды желдету, трахеостомия, жүрек-өкпе реанимациясы, интубация алдында қол құралдарының көмегімен жасанды желдету, бронхоскопия) және қарқынды терапия бөлімшесі | Бір рет қолданылатын медициналық бас киім Тәуекел дәрежесіне байланысты бар болса ауаны мәжбүрлеп беретін сүзгі респиратор (PAPR) немесе N99, FFP3 типті респираторлар Жұмыс киімі (медициналық костюм) Капюшоны бар бір рет қолданылатын суға төзімді қорғаныш комбинезоны немесе ұзын жеңді және арқасындағы байламы бар тоқылмаған материалдан жасалған бір рет қолданылатын халат Егер халат (комбинезон) сұйықтықтарға төзімді болмаса, биологиялық сұйықтықтардың шашырау қаупіне алжапқыш қажет Нитрил/латекс қолғаптар Су өткізбейтін материалдан жасалған ауысымды жұмыс аяқ киімі |
Пациенттер | Кез келген | Пациентке медициналық маска беру, егер ол оны пайдалана алатын болса |
| Кіші медицина персоналы | COVID-19 науқас палатасына кіру | Бір реттік медициналық бас киім N95 немесе FFP3 респираторы Жұмыс киімі (медициналық костюм) Ұзын жеңді және арқасындағы байламы бар тоқылмаған материалдан жасалған бір рет қолданылатын халат Егер халат сұйықтықтарға төзімді болмаса, биологиялық сұйықтықтардың шашырау қауіпіне алжапкыш қажет. Тығыз резецке қолғап (шаруашылыққа арналған) Қорғаныш көзілдірік немесе бетке арналған қорғаныш қалқаны Бәтеңке немесе жабық жұмыс аяқ киімі * Техникалық персонал тазалау кезінде палаталар арасында қолғап пен бір рет қолданылатын халатты ауыстыруы керек |
COVID-19 күдікті немесе расталған жағдайы бар пациенттерге хирургиялық және акушерлік көмек көрсету кезінде | Медицина персоналы | Операция және босандыру блогы | Бір реттік медициналық бас киім Бар болған кезде мәжбүрлі ауа беретін сүзгі респиратор (PAPR) немесе тәуекел дәрежесіне байланысты клапансыз N95, FFP2, N99, FFP3 типті респираторлар Жұмыс киімі медициналық костюм) Капюшоны бар бір рет қолданылатын суға төзімді қорғаныш комбинезоны немесе ұзын жеңді және арқасындағы байламы бар тоқылмаған материалдан жасалған бір рет қолданылатын халат Егер халат (комбинезон) сұйықтықтарға төзімді болмаса, биологиялық сұйықтықтардың шашырау қауіпіне алжапқыш қажет. Нитрил/латекс қолғаптар Қорғаныштық көзілдірік немесе бетке арналған қорғаныш қалқаны Су өткізбейтін материалдан жасалған ауысымды жұмыс аяқ киімі * Операциялық алаңның стерильділігінің бұзылуына байланысты клапанды респираторларды пайдалану ұсынылмайды. |
Науқастарды тасымалдау | Медицина қызметкерлері | Стационар ішінде (мысалы КТИ, ФГ және т.б. үшін тасымалдау) | Бір реттік медициналық бас киім (қалауынша) Медициналық маска немесе N95 немесе FFP3 респираторы Жұмыс киімі (медициналық костюм) Ұзын жеңді және арқасында байламы бар тоқылмаған материалдан жасалған бір рет қолданылатын халат Пациентті қарау кезінде нитрил/латекс қолғаптар Қорғаныш көзілдірігі немесе бетке арналған қорғаныш қалқаны Су өткізбейтін материалдан жасалған ауысымды жұмыс аяқ киімі |
| Пациент | Медициналық маска, егер ол оны қолдана алса Мүмкіндігінше 1,5 метрден кем емес қашықтықты сақтау |
Зертхана, медициналық ұйымдар | Медицина қызметкерлері | Респираторлық сынамалармен манипуляциялар, COVID-19-ға зертханалық зерттеу үшін сынамалар іріктеу | Бір реттік медициналық бас киім Медициналық маска немесе N95 немесе FFP3 респираторы Ұзын жеңді және арқасындағы байламы бар тоқылмаған материалдан жасалған бір рет қолданылатын халат Нитрил / латекс қолғаптар Қорғаныш көзілдірік немесе бетке арналған қорғаныш қалқаны Су өткізбейтін материалдан жасалған ауысымды жұмыс аяқ киімі * Медицина қызметкерлері пациенттер арасында қолғапты міндетті түрде ауыстыруы тиіс |
Таза аймақ Пациенттер жоқ әкімшілік аймақ | Медицина қызметкерлері мен кіші медицина персоналы техникалық персонал | Пациенттің күтіміне байланысты емес кез келген | Кемінде 1,5 м қашықтықты сақтау. Медициналық маска Медицина қызметкерлеріне арналған жұмыс киімі (медициналық халат немесе костюм) |
Инфекциялық емес стационарлар |
Науқастарды стационарға кіреберісте қабылдау бөліміне дейін сұрыптауды ұйымдастыру, сұрыптаудың медицина персоналын ЖҚҚ-мен қамтамасыз ету, физикалық кедергілерді (мысалы, шыны немесе пластикалық терезелер) орнату және кем дегенде 1 м қашықтықты сақтау ұсынылады. ЖҚҚ: қалауынша бір рет қолданылатын медициналық бас киім. Медициналық маска. Жұмыс киімі, Ауысымдық жұмыс аяқ киімі. Физикалық кедергілер болмаған кезде бетке арналған қорғаныш көзілдірікті немесе қорғаныш қалқанын пайдалану қажет |
Респираторлық инфекция белгілері бар науқастарды қабылдауға арналған қабылдау бөлмесі | Медицина қызметкерлері | Респираторлық симптомдары бар пациентті медициналық тексеру | Бір рет қолданылатын медициналық бас киім Медициналық маска немесе респиратор N95 немесе FFP3 Жұмыс киімі (медициналық костюм) Ұзын жеңді және арқасында байламы бар тоқылмаған материалдан жасалған бір рет қолданылатын халат Нитрил/ латекс қолғаптар Қорғаныш көзілдірігі немесе бетке арналған қорғаныш қалқаны Су өткізбейтін материалдан жасалған ауысымды жұмыс аяқ киімі |
| Пациенттер | Кез келген | Пациентке медициналық маска беру, егер ол оны пайдалана алатын болса |
Респираторлық белгілері жоқ және COVID-19-ға күдігі жоқ науқастарды қабылдауға арналған қабылдау бөлмесі | Медицина қызметкерлері | Медициналық тексеру | Қалауынша медициналық бас киім бір рет қолданылатын Медициналық маска Жұмыс киімі (медициналық халат немесе костюм) Тәуекелді бағалау бойынша нитрил/латексті қолғаптар Су өткізбейтін материалдан жасалған ауысымды жұмыс аяқ киімі |
Пациент палатасы | Медицина қызметкері | Пневмониясы бар немесе СОVID-19 жоққа шығармайтын науқастарға медициналық көмек көрсету Аэрозольдердің пайда болуымен байланысты емшаралар үшін (мысалы, кеңірдектің интубациясы, инвазивті емес жасанды желдету, кеңірдектің қабынуы, жүрек-өкпе реанимациясы, интубация алдында қол құралдарының көмегімен жасанды желдету, бронхоскопия) | Бір рет қолданылатын медициналық бас киім Тәуекел дәрежесіне байланысты респиратор N95 немесе FFP3 Бір рет қолданылатын тоқылмаған материалдан жасалған ұзын жеңді және арқасында байламдары бар халат немесе бір рет қолданылатын капюшоны бар қорғаныш комбинезон Егер халат (комбинезон) сұйықтықтарға төзімді болмаса, алжапқыш қажет Нитрил/латекс қолғаптар Қорғаныш көзілдірік немесе бетке арналған қорғаныш қалқан Су өткізбейтін материалдан жасалған ауысымды жұмыс аяқ киімі |
Медицина қызметкері | Респираторлық симптомдары жоқ және COVID-19-ға күдігі жоқ пациентті медициналық тексеру және күту | Кем дегенде 1 м қашықтықты сақтау. Қалауынша медициналық бас киім бір рет қолданылатын Медициналық маска Жұмыс киімі (медициналық халат немесе костюм) Тәуекелді бағалау бойынша нитрил/латекс қолғаптар Су өткізбейтін материалдан жасалған ауысымды жұмыс аяқ киімі |
| Кіші медицина персоналы | | Респираторлық белгілері бар пациенттерге көмек көрсететін үй-жайларды жинау кезінде ЖҚҚ инфекциялық стационарларда да осыған ұқсас қолданылады Респираторлық белгілері жоқ және COVID-19 күдігі жоқ пациенттерге көмек көрсететін үй-жайларды тазалау кезінде: қалауы бойынша бір реттік медициналық қалпақ пайдаланылады Жұмыс киімі (медициналық халат немесе костюм) Тығыз резеңке (шаруашылыққа арналған) қолғаптар Су өткізбейтін материалдан жасалған ауысымды жұмыс аяқ киімі |
Зертхана, медициналық ұйымдар | Медицина қызметкерлері | Респираторлық сынамалармен манипуляциялар, COVID-19-ға зертханалық зерттеуге сынама алу | Бір реттік медициналық бас киім (қалауы бойынша) Медициналық маска немесе N95 немесе FFP3 респираторы Ұзын жеңді және арқасындағы байламы бар тоқылмаған материалдан жасалған бір рет қолданылатын халат Нитрил/латекс қолғаптар Қорғаныш көзілдірігі немесе бетке арналған қорғаныш қалқаны Су өткізбейтін материалдан жасалған ауысымды жұмыс аяқ киімі * Медицина қызметкерлері пациенттер арасында қолғапты міндетті гүрде ауыстыруы керек |
Әкімшілік үй-жайлар | Медицина қызметкерлерін қоса алғанда, барлық персонал. | COVID-19 науқастарымен байланыс жасауды көздемейтін әкімшілік іс-шаралар | Кемінде 1,5 м қашықтықты сақтау. Медициналық маска Медицина қызметкерлеріне арналған жұмыс киімі (медициналық халат немесе костюм) |
Шекараны кесіп өту пункттері (кіру-шығу) |
Әкімшілік үй-жайлар | Барлық персонал | Кез келген | ЖҚҚ: медициналық маска және қолға арналған антисептиктер |
Скринингке арналған үй-жай | Персонал, СКП қызметкерлері | Тікелей байланыссыз бірінші скрининг (температураны өлшеу) | Кем деген де 1 м қашықтықты сақтау. ЖҚҚ: Медициналық маска Физикалық кедергіні (пластикалық немесе шыны қалқалар) пайдалану ұсынылады Физикалық кедергілер болмаған кезде қорғаныш көзілдірігін немесе бетке арналған қорғаныш қалқанын пайдалану қажет Қол антисептиктерін қолдану |
Медицина қызметкерлері, Персонал | Екінші скрининг (яғни, температурасы бар пациенттерден COVID-19 инфекциясын және сапардың анамнезін көрсететін клиникалық симптомдардың болуы туралы сұрау) | Медициналық маска Пациентпен тікелей байланыс кезінде бір рет қолданылатын тоқылмаған материалдан жасалған ұзын жеңді және арқасында байламдары бар халат Пациентпен тікелей байланыс кезінде нитрил/латекс қолғаптар Қорғаныш көзілдірік немесе бетке арналған қорғаныш қалқан Су өткізбейтін материалдан жасалған ауысымды жұмыс аяқ киімі |
Техникалық персонал (жинау) | Температурасы бар жолаушылар скринингі үй-жайларын санитариялық үй-жайларды) жинау | Медициналық маска Бір рет қолданылатын тоқылмаған материалдан жасалған ұзын жеңді және арқасында байламдары бар халат Көзді қорғау (органикалық заттардан немесе химикаттардан шашыраудың пайда болу қаупі болғанда). Тығыз қолғап Қосымша: бәтеңке немесе жабық аяқ киім |
Уақытша оқшаулау үй-жайы | Персонал | Оқшаулау үй-жайы және қажет болған жағдайда жолаушыға медициналық ұйымға тасымалдау үшін көмек көрсету | Бір реттік медициналық бас киім (қалауы бойынша) Медициналық маска Пациентпен тікелей байланыста болған кезде ұзын жеңді және арқасындағы байламы бар тоқылмаған материалдан жасалған бір рет қолданылатын халат Пациентпен тікелей байланыста болған кезде нитрил/латекс қолғаптар Қорғаныш көзілдірік немесе бетке арналған қорғаныш қалқаны Су өткізбейтін материалдан жасалған жұмыс аяқ киімі |
Техникалық персонал | Оқшаулауға арналған үй-жайларды жинау | ЖҚҚ: Медициналық маска Бір рет қолданылатын тоқылмаған материалдан жасалған ұзын жеңді және арқасында байламдары бар халат көзді қорғау (органикалық заттардан немесе химикаттардан шашыраудың пайда болу қауіпі болғанда). Тығыз қолғап Қосымша: бәтеңке немесе жабық аяқ киім |
Медициналық ұйымдардағы жедел жәрдем машинасы немесе көлік құралы | Медицина қызметкерлері | COVID-19-ға күдікті пациенттерді тасымалдау | Қалауынша бір рет қолданылатын медициналық бас киім Респиратор N95 немесе FFP3 Бір рет қолданылатын тоқылмаған материалдан жасалған ұзын жеңді және арқасында байламдары бар халат Егер халат (комбинезон) сұйықтықтарға төзімді болмаса, алжапқыш қажет Нитрил/латекс қолғаптар Қорғаныш көзілдірік немесе бетке арналған қорғаныш қалқан Су өткізбейтін материалдан жасалған ауысымды жұмыс аяқ киімі |
Медицина қызметкерлері | Респираторлық инфекция белгілері жоқ және COVID-19-ға күдігі жоқ пациенттерді тасымалдау | ЖҚҚ: Қалауынша медициналық бір рет қолданылатын бас киім Тәуекел дәрежесіне байланысты нитрил/латекс қолғаптар Жұмыс киімі (медициналық халат немесе костюм) |
Жүргізуші | Жүргізуші кабинасын COVID-19 пациенттен оқшаулау жағдайында COVID-19 инфекциясына күдікті пациентті тасымалдауды жүзеге асыруға ғана қатысатын | Кем дегенде 1 м қашықтықты сақтау. Медициналық маска |
| | COVID-19 инфекциясына күдікті науқасты отырғызу және түсіруге көмек көрсету | Медициналық маска Бір рет қолданылатын тоқылмаған материалдан жасалған ұзын жеңді және арқасында байламдары бар халат Нитрил/латекс қолғаптар Қорғаныш көзілдірік немесе бетке арналған қорғаныш қалқан Су өткізбейтін материалдан жасалған ауысымды жұмыс аяқ киімі |
COVID-19 күдікті пациентпен тікелей байланыс болмаған жағдайда, бірақ жүргізуші кабинасын пациент үй-жайынан оқшаулау жоқ. | ЖҚҚ: N95 немесе FFP3 респираторы |
COVID-19 инфекциясына күдікті науқас | Медициналық ұйымдарға тасымалдау | ЖҚҚ: егер пациент оны пайдалана алса, медициналық маска |
Техникалық персонал | COVID-19-ға күдікті пациенттерді тасымалдаудан кейін және тасымалдау арасында жинау | N95 немесе FFP3 респираторы Жұмыс киімі (медициналық костюм) Бір рет қолданылатын тоқылмаған материалдан жасалған ұзын жеңді және арқасында байламдары бар халат Тығыз резеңке (шаруашылыққа арналған) қолғаптар Қорғаныш көзілдірік немесе бетке арналған қорғаныш қалқаны Бәтеңке немесе жабық жұмыс аяқ киімі |
Карантиндік стационардың үй-жайы | Қызметкерлер, пациенттер | Кез келген | Кемінде 1,5 м қашықтықты сақтау. Медициналық маска Медицина қызметкерлеріне арналған жұмыс киімі (медициналық халат немесе костюм) |