Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы аумағындағы кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру үшін «АBЅ групп» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне берілетін жер учаскелерінің тұстамасындағы Аягөз өзені және оның ағыстары атауы жоқ 1 және атауы жоқ 2 бұлақтарының су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 116, 125, 145-1-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, бекітілген жобалық құжаттама негізінде және су объектілерін тиісті санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес күйде ұстау мақсатында, жер үсті суларының ластануын, қоқыстануымен сарқылуын болғызбау, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар дүниесін сақтау үшін, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Мыналар: 1) осы қаулының қосымшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы аумағындағы кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру үшін «АBЅ групп» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне берілетін жер учаскелерінің тұстамасындағы Аягөз өзені мен оның ағыстары атауы жоқ 1 және атауы жоқ 2 бұлақтарының су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулері; 2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы аумағындағы кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру үшін «АBЅ групп» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне берілетін жер учаскелерінің тұстамасындағы Аягөз өзені мен оның оның ағыстары атауы жоқ 1 және атауы жоқ 2 бұлақтарының су қорғау аймақтары аумағында шаруашылыққа пайдаланудың арнайы режимі және су қорғау белдеулері аумағында шектеулі шаруашылық қызмет режимі белгіленсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|