Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2021-2023 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларын қайта бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 22 қазандағы № 682 бұйрығы
2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 32-бабының 4-тармағына және «2021 жылға арналған республикалық бюджеттің көрсеткіштерін түзету және «2021 - 2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 10 желтоқсандағы № 840 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 01 шілдедегі № 458 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2021-2023 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламалары қайта бекітілсін. 2. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2021-2023 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламаларын қайта бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 08 маусымдағы № 341 бұйрығының күші жойылсын. 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Бюджеттік департаменті осы бұйрық күшіне енген күнінен кейін күнтізбелік үш күн ішінде бюджеттік бағдарламаларды Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Ә.Б. Нүсіповаға жүктелсін. 5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 22 қазандағы № 682 бұйрығына қосымша
БЮДЖЕТТІК БАҒДАРЛАМА 226 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
от 7 000 тг в месяц
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 300 тг
|