Жамбыл облысының жергiлiктi маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы (2021.28.12. берілген өзгерістермен)
«Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 26 желтоқсандағы Заңына және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Жамбыл облысының жергiлiктi маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімі бекітілсін. 2. «Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін; 2) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын; 3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін. 3. Жамбыл облысы әкімдігінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 90 «Жамбыл облысының жергiлiктi маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы» қаулысының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1743 болып тіркелген, 2010 жылдың 3 маусымында «Ақ жол» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е.Жылқыбаевқа жүктелсін. 5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі А.Райымқұлова 2020 жыл
2020 жылғы 1 шілдедегі № 148 қаулысына қосымша
Жамбыл облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімі
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|